Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаншама нерв, еңбек": Динара Сұлтан онлайн оқуға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Динара Сұлтан ата-ана ретінде онлайн оқу жүйесіне қатысты өз пікірін білдіріп, барша ұстаздарға алғысын айтты. Өнер иесі оқытудың аса ыңғайсыз әдісі аясында оқушыларына барынша білім беруге тырысып жатқан мұғалімдердің еңбегін жоғары бағалады. Эстрада жұлдызы қашықтықтан оқу мектепте оқитын үш баласына қалай әсер етіп жатқанымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dinara_sultan1. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dinara_sultan1. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Динара Сұлтан онлайн оқытып жатқан ұстаздардың шыдамдылығы мен мейірімділігіне тәнті болған. Көпбалалы әнші мектеп оқушыларына енгізілген қашықтықтан оқу әдісі жайлы бар ойын Instagram парақшасында жеткізді.

"Онлайн оқу. Осы пост арқылы ұстаздарға үлкен алғысымды айтамын. Қаншама жүйке, қаншама еңбек, қаншама төгілген маңдай тері. Үйде оқыған өте ыңғайсыз енді. Әр жағынан қарасақ та ыңғайсыз. 10 минут сайын өшіп қалатын интернет, кімде зум - күн сайын id ауысатыны, байланысы. Принтер керек, 145 қағаз шығару, ол тікелей қоқыс болып кетеді бір сағаттан кейін. Бізде әзірге үйде үш мектеп оқушысы, мектепте оқығаны қандай рахат.

Тап-тұйнақтай болып кетеді, үйге келіп үй жұмысын уақытымен жасайды. Ал, қазір үй тапсырма қайда, өзіндік жұмыс қайда, әйтеуір шашылып жатқан бір қағаз. Ұмытып кете жаздаппын, үйде Мұса мен Мәди деген екі бұзық бар. Оқып отырған бөлмелерінің есігін теуіп ашып кіріп, төбелесіп, дәл сол бөлмеде бақырып жылайды ғой. Не айтасың енді оларға? Үшінші кенже әзірше не қолда жүреді, немесе әйтеуір жатады.

Сондықтан осы постты пайдалана отырып, мұғалімдердің шыдамдылығы мен мейірімділігіне мың да бір алғыс айтамын. Көп нәрсенің қадірін енді түсініп жатқандаймыз. Әрине үйде бала-шаға, байың (ол да бөпе) тамақ пісіру, т.б. жұмыстар жетеді. Дегенмен, үйде онлайн оқуға келешекте өз еркіммен келіспес едім. Кейде whats’up-қа мамашалардың қырылып жатқан жазбаларын жібергенде не күлеріңді не жыларыңды білмейсің" , - деді әнші.

Динара Сұлтанмен қатар, онлайн оқу үлгісіне қатысты танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтан да өз пікірін білдірген.

"Біздің үйдің екеуі күнде 9:00-де басталатын сабаққа ұйқыларынан шала тұрып, отыра қалады. Видеода сабақ біткеннен кейінгі көрініс. Байқағаным, сабақтары көңілді өтеді. Екеуі бөлек екі бөлмеде болса да, арасында тырқылдап күліп алады, жыбырлап асүйден бір нәрсе жеп келеді, жатқысы келсе, етпетінен жатып үлгереді. Арасында әдейі микрофон не видео-байланысты сөндіріп қояды.
Сөйтсем, жарықтық, сыныптастар арасында тағы өздерінің бөлек чаттары бар екен. Қанша жерден сабақ болса да, үйдің атмосферасы, энергетикасы басқаша әсер етеді-ау. Егер, карантин 15 мамырға дейін созылатын болса, демек жыл соңы онлайн сабақпен аяқталғалы тұр. Сонда ақылы мектепте оқитындардың жағдайы қалай болар екен? Бәрінен бұрын екеуінің ересек екеніне шүкір. Бастауыш сыныпта болса, қайтер ем? Сіздерде жағдай қалай? Күнде ми ашу ма" , - деп жазды Сұлтанқызы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1850595-kansama-nerv-ebek-dinara-sltan-onlajn-okuga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel