"Королева боласың деді": Сәдуақасова келін болып түскендегі түрін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова жолдасының үйіне келін болып түскен сәтін есіне алды. Эстрада жұлдызы қайын жұртының шаңырағында өткен алғашқы күнінен естелік фотомен бөлісіп, оқырмандарын бір қуантып қойды. Оған қоса, өнер иесі күйеуі өзін отбасын құруға қалай көндіргенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова отбасылық мұрағаттағы суретті жариялап, алғаш келін болып түскен кезін көрсетті. Ол Instagram парақшасында жолдасының үйіндегі алғашқы күні түсірілген фотосын жариялаған. Онда елдің қалаулы әншісінің басына ақ орамал тартып, сүйіктісінің қасында отырғанын көруге болады.
Өнер иесі күйеуі Олжастың қай сөздеріне сенім артып, оған тұрмысқа шығуға келіскенін айтты. Сәдуақасованың айтуынша, жолдасы оны бақытты ету үшін барын салып, алақанында аялап өтуге сөз берген. Сонымен қатар, ол әншіге өмір бойы патшайым болып өтетініне сендірген болып шықты.
“Маған бәрібір, сенімен әркез бақытты болатынымды білемін. Болды" деген сөзі мен "бақытты қылу үшін бәрін жасаймын” - дегені, мені сендірді. Шын. “ Королева болып жүресің” деп еді. Жүрмін сол әлі тәжімді шешпей. Отбасылық мұрағат. Олжастың үйіндегі бірінші күн" , - деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова он екі жыл бұрынғы суреттерін күйеуін тауып алған болатын. Әнші жолдасымен таныс болмай тұрып, онымен көптеген түсірілім алаңдарында бірге жүрген болып шықты.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1851043-koroleva-bolasy-dedi-sduakasova-kelin-bolyp-tskendegi-trin-krsetti-foto/