jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Толып кеткен": Карантиндегі фотосын жария еткен Сәдуақасова қызу талқыға түсті

    : Instagram

    Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова карантин кезіндегі түрін көрсетемін деп қызу талқыға түсті. Қарапайым киім үлгісімен және еш бояусыз түскен фотоларымен бөліскен өнер иесін желідегілер бірден сынауға кіріскен. Көпшілік эстрада жұлдызының толып кеткенін жазып, оған артық салмақтан арылуға кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Әдетте ел алдына жарқырап тұратын макияж бен ерекше образдармен шығатын өнер иесі бұл жолы шынайы өмірде қандай екенін көрсетті.

    Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында көшеде келе жатқан суреттерін жариялаймын деп сынға ілікті. Фотода әншінің қарапайым киіммен және бетін маскамен жауып алғанын байқауға болады.

    Алайда, желі қолданушылары шоу-бизнес өкілінің образына емес, оның дене бітіміне ерекше назар аударған.

    Олар Мадинаның карантин кезінде артық салмақ қосып алғанын жарыса жазуда. Оған қоса, оқырмандар сүйікті әншісіне арықтау керек екенін айтып, өз кеңестерін ұсынған.

    "Толып кетіпсіз, дереу арықтау керек" , "Карантин жаққан сияқты" , "Семіріп кетіпсіз", "Томпақ екенсіз ғой" , "Сәл толықсыпсыз" , "Артық салмақ қосып алыпсыз" , "Арықтау керек" , - деп жазды олар.

    Сыни пікір білдіргендерден бөлек, әншінің табиғи сұлулығына тәнті болғандар да бар.

    Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова келін болып түскендегі түрін көрсеткен болатын.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Толып кеткен": Карантиндегі фотосын жария еткен Сәдуақасова қызу талқыға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.