Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақталып шықты": Салтанат Бақаева Жаманқұловқа қатысты оқиғаға пікір білдірді

Опубликовано:

Отандық танымал әнші әрі актриса Салтанат Бақаева өнердегі ағасы Тұңғышбай Жаманқұловтың даулы оқиғасына қатысты пікір білдірді. Шоу-бизнес жұлдызы бұл жағдай белгілі актерге аса ауыр тигенін айтты. Ол өзі үлгі тұтатын өнер иесіне барынша қолдау білдіріп, қолынан келгенше көмек көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Салтанат Бақаева бұл дауда Тұңғышбай Жаманқұловтың ақталып шыққанына аса қуанышты екенін жасырмады. Әнші өнердегі ағасының басына түскен қиын кезеңді есіне алды.

"Біз отбасымызбен Тұңғышбай ағаны барынша қолдап жүруге тырыстық. Ол кезде оңай болған жоқ. Тұңғышбай аға сырқаттанып, ауруханаға жатып қалған болатын. Дегенмен, біз қасында болдық. Қолымыздан келгенше көмектесуге тырыстық. Қазір енді бәрі жақсы. Тұңғышбай ағаның ақ екеніне бәрінің көзі жетті. Шын мәнінде қателіктері болған жағдайда, қазіргі уақытта оған деген көзқарас өзгермес еді деп ойлаймын. Ең бастысы- ол ақталып шықты. Сол үшін біз аса қуаныштымыз" , - деді Бақаева.

Айта кетейік, бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов басына іс түскенде өзінен көп адам теріс айналғанын айтты. Сахна майталманы өзі үшін аса қиын әрі ауыр болған сәтінде қасынан өнердегі әріптестері табылмай қалғанын жайып салды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1852709-aktalyp-sykty-saltanat-bakaeva-zamanklovka-katysty-okigaga-pikir-bildirdi/

pixel