Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Перзентханаға бірге бардым": Асхат Садырбай Еркенің тұңғышын босанған сәтін еске алды

Опубликовано:

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай бұрынғы жары әнші Ерке Есмаханның босанған сәті туралы қызықты оқиғасымен бөлісті. БАҚ өкілі тұңғышы дүниеге келерде перзентханада өзін қоярға жер таппай, қатты уайымдағанын айтты. Оған қоса,ол жылап жатқан сәбилердің арасынан өз ұлының даусын бірден танып қойғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/askhatsadyrbay/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Асхат Садырбай бірінші некесіндегі бақытты күндердің бірін есіне алды. Ол Instagram парақшасында ұлының дүниеге келуі туралы айтып, оны туған күнімен құттықтады.

"Жаратқанның құдыреті әр ата-ана өз баласының дауысын басқа балалардың арасынан жаңылыспай ажырата алады. Оны ата-аналар жақсы білсе керек.

Бір қызық естелік айтайын, Муслимнің мамасы босанатын күні перзентханаға бірге бардым. Бірақ босанатын бөлмеге кірген жоқпын. Коридорда күтетін болдым. Іште не боп жатқанын білмеймін, әйтеуір сыртта отырған мен бәрінен бетер уайымдап, жүрегім дүрсілдеп күтіп тұрмын.

Алғаш рет әке болғанда көп жігіттердің басынан өткен болар мұндай күй. Ойыңа әртүрлі ойлар келіп, уайымға салынып кетесің ғой. Перзентхананың басқа да бөлмелерінен жаңа туған сәбилердің жылаған дауыстары шығып жатты.

Біздікінен хабар жоқ, елеңдеп отырмын. Бір кезде бір сәбидің “іңгә” деген дауысы құлағыма ерекше келді. Муслимнің жарық дүниеге келгенін бірден білдім.

Сол-ақ екен, көп ұзамай перзентхана қызметкері жүгіріп кеп “құтты болсын, ұлыңыз аман-есен дүниеге келді!” деп сүйінші сұрады. Қуанышымда шек жоқ. Басым бақыттан айналып кетті.

Бір кезде арнайы бөлмеге кіргізіп, тұңғышымызды қолыма алып, бауырыма бастым. Өмір осындай бақытты сәттерден тұрады. Аллаға сансыз шүкір.

Бүгін Муслимтайымыздың туған күні. Шын жүректен құттықтаймын! Аман бол, үлкен Адам бол! Алланың сүйікті құлы, елдің абыройлы ұлы бол, балам! Қасиетті айдағы жақсы дұға-тілектер қабыл болсын!

Ата-әжең, ата-анаң, жаныңдағы жақындарың аман болсын! Суретте перзентханадан жаңа ғана үйге келген Муслим және ағасы (менің інім Нұржан)" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін ақ келін кейпіндегі Ерке Есмахан желіні шулатқан болатын. Көпшілік әншінің қайтадан тұрмысқа шығайын деп жатқанын болжады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1853289-perzenthanaga-birge-bardym-ashat-sadyrbaj-erkeni-tgysyn-bosangan-stin-eske-aldy/

pixel