"Бір шанс бер дейді": Әуелбекованың бұрынғы күйеуімен қосылайын деп жүргені рас па
Жарияланған күні:
Қазақстандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде жариялаған жазбасы ел арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік өнер иесі бұрынғы жолдасымен қайта қосылғалы жатыр деп болжады. Халықтың мұндай ойға келуіне не түрткі болғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында екі ойлы жазба қалдырып, көпшілікті қызықтырып қойды.
Әнші қызыл түсті раушаннан құралған үлкен гүл шоғымен суретке түсіп, әлдекімнің өзінен бір мүмкіндік беруін сұрап жүргенін жасырмай айтты.
Алайда, бұл тұрғыда өнер иесі өз жанкүйерлеріне жүгініп, олардан кеңес сұрады.
"Бір шанс бер дейді. Қайтейін" , - деп жазған ол.
Желі қолданушылары бірден эстрада жұлдызының бұрынғы күйеуін меңзеп тұрғанын болжады. Олар әнші ұлының әкесімен қосылуға ниетті деп топшылаған.
"Баланың әкесі болса бер, басқаға мүмкіндік берудің қажеті жоқ" , "Жаным-ау, Мөлдіржан шын жүректен сұрап тұрса, мүмкіндік беріп көрсең қайтед. Түріне қарағанда жаман адам емес сияқты" , "Шанс беріп көр,Мөлдір. Бәлкім, дұрыс шешім болар" , "Жүрегіңізді тыңдаңыз" , "Қайта қосыласыздар деп ойлаймын" , "Басынан-ақ түбі қосыласыздар деп ойлаған едім. Сөзімнің жаны бар сияқты" , "Бұрынғы күйеуіңізбен қосыласыз ба?" , - деп сұрақтың астына алды желідегілер.
Айта кетейік, бұған дейін Мқлдір Әуелбекова өзін басшылық қызметке кім ұсынғанын айтқан болатын. Ол қандай танымал тұлғаның көмегіне жүгінгенін жайып салды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1853296-bir-sans-ber-dejdi-uelbekovany-bryngy-kjeuimen-kosylajyn-dep-zrgeni-ras-pa/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.