Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орамал тартып, мешітке бардым": Анна Данченко алғаш рет ораза ұстаған кезін есіне алды

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко алғаш рет оразаны студент кезінде ұстаған. БАҚ өкілі ұлты басқа болғандықтан, ауыз бекітуге қатысты көп ойланғанын жасырмады. Ол Рамазан айына ниеттеніп жүріп, өзінің бұл шешімі жайлы кіммен ақылдасарын білмей әлек болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко. Фото: Instagram/ann_2905. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Анна Данченко. Фото: Instagram/ann_2905. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Анна Данченко екі ойлы болып жүрген кезінде имаммен кездесіп, оразаға қатысты өзін мазалаған сұрақтарға жауап алған. Ол үшін тележүргізуші басына орамал тартып, арнайы мешітке барғаны белгілі болды.

Журналист алғаш рет ауыз бекіткен кезі туралы Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі түрде жазған.

"Мен алғаш рет ораза тұтқанда студент едім. Жатақханада группалас-құрбыммен бір бөлмеде тұрдық. Ол Ораза ұстаймын дегенде мен де ниеттеніп, ауыз бекітуге бет бұрдым. Бірақ ұлтым басқа, қалай болар екен деп ойланып қалдым. Ертеңгісін, орамалымды тартып қалалық мешітке бардым.
Ал енді, кімнен қалай сұрарымды білмей тұрып қалдым. Мені байқап қалған имам қасыма келіп бірнеше сұрақ қойды. Біраз сөйлестік. Есімде бір ғана сөзі қалды "Ниетің болса, жеткілікті. Ұстағалы тұрған оразаң қабыл болсын",- деді. Солай, Алланың қалауымен ораза басталды. Күнделікті сабаққа барып жүрдік" , - деді Анна Данченко.

Оған қоса, тележүргізуші оразаны арықтау үшін ұстаған аруларға да тап болғанын есіне алды.

"Оқу орнындағы студенттердің біразы ауыз бекіткенін естіп, қуанып қалдық. Алайда көбі, мұсылмандардың бес парызының бірі саналатын Оразаны, не үшін ұстап жүргендерін түсінбегендей. Тіпті бір қыз:" Күн ұзағынан тамақ ішпеймін, жақсы болды, енді арықтаймын", -дегенде жағамызды ұстадық.

Түсіндірмек болып едік, мән бермеді. Іштей "Аллаh пендесін дұрыс жолға салса екен" деп тіледік те, кетіп қалдық. Бір аптадан кейін әлгі қызды қайта көрдік. Түскі уақытта шәй ішіп тұр екен. Таң қалдық. Сөйтсек, денсаулығы сыр беріп, дәрігерге қаралған екен.

Маман оған үш мезгіл дәрі ішіп, бес мезгіл тамақтанып жүруін талап етті. Осылайша, жаңағы бикеш ауызын ашып жіберді де, оразасын тоқтатты.Негізі, қай іс болмасын шын ниетпен бастау алу керек. Өзгені алдамақ болсаң да, Алланы алдай алмайсын! Достар, Рамазан айы мүбәрак болсын! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Анна Данченко қазақ тілін білмейтін шенеуніктерге күйінген болатын. Ол ана тілін меңгеру үшін қыруар қаржының қажет емес екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1853370-oramal-tartyp-mesitke-bardym-anna-dancenko-algas-ret-oraza-stagan-kezin-esine-aldy/

pixel