198 млн теңге: Ернар Айдардың алаяқтық бойынша күдіктеліп жатқаны рас па
Жарияланған күні:
Өткен аптада оңтүстік астанада жалған лотерея ұйымдастырған бір топ азамат ұсталған болатын. ТЖ режимін бұзып, желіде ұтыс өткізгендер арасында танымал әнші Ернар Айдар да бар болып шықты. Бүгінде аталмыш конкурсты ұйымдастырған адамдарға қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Алматы" арнасына сілтеме жасап.
Бастапқыда Ернар Айдар мен онымен бір бөлмеде болған он екі адам карантин режимін бұзғаны үшін құрықталғаны белгілі болды.
Олар онлайн түрде ұтыс жүргізіп жатқан сәтінде ұсталған. Тұтқындау операциясын экономикалық тергеу департаменті іске асырды.
Өнер иесі мен оның сыбайластары өткізген жалған лотореяда 4 автокөлік, Алматы қаласындағы бір бөлмелі пәтер мен тұрмыстық техника ойнатылған.
Алайда, шын мәнінде ұйымдастырушыларда мұндай құнды сыйлықтар болмай шықты. Олар халықты сендіру үшін көліктерді басқа жеке тұлғалардан жалға алғандығы анықталды.
Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің ресми мәлімдемесі бойынша, жалған ұтыс бойынша 9 900 теңгеден, 20 000 билет сатылған. Бұл дегеніміз 198 миллион теңге.
Айта кету керек, соңғы кездері отандық өнер жұлдыздары ұқсас ұтыс ойындарын көптеп өткізуде.
Ұсталғаннан кейін үйіне жіберілген Ернар Айдар бірден желіде видео үндеу жариялап, алданып қалған ұтыс қатысушыларынан кешірім сұрады. Әнші бұл жағдайда өзі де алданғанын айтты. Ол бүгінде тергеу жұмыстарының әділ өтуіне барынша көмектесіп жатқанын жеткізді. Ал лотерея ұйымдастырушылары уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1853786-198-mln-tege-ernar-ajdardy-alaaktyk-bojynsa-kdiktelip-zatkany-ras-pa/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.