Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар" телеарнасы ұтысқа түскен миллиондардың куәгері болуға шақырады

Опубликовано:

3 миллион теңге. 22 кейс. 22 қатысушы. Банктен кепілдендірілген 6 ұсыныс. Осының барлығы - «Удачная сделка» деп аталатын әлемге әйгілі телешоуында. Аталмыш жоба - енді Қазақстанда! «Хабар» телеарнасы оңай жолмен олжалы болуға барын салатын жоба қатысушыларының ең қызықты сәттерін назарларыңызға ұсынады.

«Хабар» телеарнасы ұтысқа түскен миллиондардың куәгері болуға шақырады

Түрлі эмоция мен тартысқа толы танымал телешоуды әр жұма сайын, сағат 18.00-де көре аласыздар.

«Хабар» телеарнасы ұтысқа түскен миллиондардың куәгері болуға шақырады

Ойын шарты бойынша, 22 жоба қатысушыларының алдына соммасы 1-ден 3 000 000-теңгеге дейінгі ақшаға толы көк кейс қойылады. Алайда жоба қатысушылары да, жүргізуші де жәшіктердегі жатқан сомманың нақты көлемін білмейді. Кенеттен ойын алаңына кез келген бір ойыншы шақырылады. Сонымен, олжаға толы немесе керісінше, шығынмен аяқталатын ойын, жоба жүргізушісі - Шах-Керім Карменовтың тізгіндеуімен басталады.

«Хабар» телеарнасы ұтысқа түскен миллиондардың куәгері болуға шақырады

Ортаға шыққан әр қатысушының қалың қаражатты қалтасына басып алып кетуге мүмкіндігі мол. Тек ол үшін не істеуі керек?! Ол үшін, тек қана додаға түскен қатысушының сол күнгі серіктесі сәттілік болып, бойындағы бар интуициясына жүгінуі қажет. Сонда ғана, ортадағы ойыншы - көк жәшіктегі көрінбей жатқан көп ақшаны болжамымен, бұлжытпай ұтып ала алады.

«Хабар» телеарнасы ұтысқа түскен миллиондардың куәгері болуға шақырады

«Удачная сделка» телешоуы – ешкімнен арнайы білімді, біліктілікті қажет етпейтін, расында, көз алдыларыңызда «ойнап отырып» қомақты қаражатқа ие болуға мүмкіндік сыйлайтын алаң.

«Хабар» телеарнасы ұтысқа түскен миллиондардың куәгері болуға шақырады

Ол қалай десеңіз, ертең, яғни 1 мамыр - мейрам күні, «Хабар» телеарнасынан, сағат 18.00-де тартысқа толы тележобаның бесінші шығарылымын тамашалаңыз.

«Табысты келісім» болсын ба, әлде болмасын ба?» - оны бірге көрейік.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1853872-habar-telearnasy-tyska-tsken-milliondardy-kugeri-boluga-sakyrady/

pixel