"Тасташы телефоныңды": Мадина Сәдуақасова жолдасына деген ренішін білдірді
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде жолдасына деген ренішін ашық түрде білдірді. Ол күйеуі режиссер бола тұра, өзін мүлдем видеоға түсіруді ұнатпайтынына күйінді. Оған қоса, отағасы жұлдызды келіншегіне үйде телефонды көп қолдануға рұқсат бермейтін болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде ағынан жарылып, күйеуіне қатысты тың мәліметтермен бөлісті.
Өнер иесі жолдасы режиссер болғандықтан, өзіне түрлі бейнебаяндар таспалап береді деп армандаған. Алайда, іс жүзінде отағасы оны тіпті суретке түсіргісі келмейді екен.
"Мен - әншімін, жолдасым - режиссер. Негізі бағым жанып, ол маған түрлі бейнебаяндар түсіріп, видеоларымды монтаждап беруі керек еді. Алайда, менің күйеуім мені тіпті видеоға да, суретке де түсіргісі келмейді. Үйде қолыма телефон алсам, бірден “Тасташы телефоныңды , шәй берші, балаға қарашы" деген сөздерді естимін.
Бұл жағдай адамды ренжітеді екен. Кейбір келіншектердің жолдасы режисер болмаса да, көмектесіп, барынша тырысып фото-видеоға түсіріп, тікелей эфирлерде бірге отырады. Ал біздікі телефон көрсе жынданады. Бірақ, сонда да сүйем оны" , - деп жазған әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшырағанын айтқан болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1854387-tastasy-telefonydy-madina-sduakasova-zoldasyna-degen-renisin-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.