Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арандатып отырсыңдар": Ашуға булыққан Иманбаева студияда шу шығарды (видео)

Жарияланған күні:

Отандық танымал әнші Айгүл Иманбаева ашуға бой алдырып, "Астарлы ақиқат" студиясында айқайға басты. Ол бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепбергеннің әншілер мен халық арасына іріткі салып отырғанына күйініп, тікелей эфир кезінде шу шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айгүл Иманбаева аталмыш бағдарламаға әншілер қауымын алаяқтарға теңеген белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиламен бетпе-бет кездесу үшін барғанын ашық айтты.

Әнші өзіне қатысты негізсіз пікір білдірген бизнес-тренерге қатты ашуланып, эфир барысында ол туралы бар ойын жайып салды.

Бағдарлама кезінде эмоцияға берілген Иманбаеваға студияда отырғандардың барлығы, тіпті тележүргізуші Дина Төлепберген де әншілерге қарсы шығып отырғандай көрінген секілді.

Өнер иесі бағдарлама жүргізушісіне халық пен жұлдыздар арасына "от салып" отырғанын баса айтып, сөзін бөле бергені үшін шүйліккен.

"Тәлпіштеп түсіндіру эфирде жетпейді, Дина. Мен неге эфирде күйіп отырмын? Сіздер халық пен әншілердің арасын арандатып тастағансыңдар. Бетке айту керек, қазір осы жерде отырып бізді одан бетер "топить" етіп отырсыздар. Дина мен сізді жақсы көрем, құрметтеймін. Бірақ, неге бізге түсіндіру үшін бір уақыт мүмкіндік бермейсіздер? Сұмдық қой. Неге бізге лотерея деп таңып беріп жатырсыз? Бізде лотерея емес, акция. Басынан бастап айтып отырмыз осыны" - деп айқайға басты Иманбаева.

Дина Төлепберген өз кезегінде әншіге өзіне дауыс көтермеуін сұрап, оны сабырға шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1854452-arandatyp-otyrsydar-asuga-bulykkan-imanbaeva-studiada-su-sygardy-video/