"Мен оралам": Сахналық өмірін сағынған Сәдуақасова желіде өзін жұбатты
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова карантин режиміне әрең төзіп жүргенін ашық айтты. Өнер иесі сахнада жарқырап ән салған кездерін қатты сағынғаны соншалық, тіпті желіде өзін-өзі жұбатуға көшкен. Ол түрлі образдар ауыстырып, бет әрлеп жүретін өміріне қайтадан оралғысы келетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде қазіргі таңда қандай жағдайда екенін айтып берді. Өнер иесі үйден шықпай, шығармашылықпен айналыса алмау өзі үшін ауыр сынақ болғанын жасырмады.
Эстрада жұлдызы ел алдында жарқырап жүрген күндеріне деген сағынышын ерекше түрде жеткізген. Ол үй киімін сахналық образдарына алмастыратын уақытын тағатсыздана күтіп жүргенін алға тартты.
"Бұртиған түріңнен сол, Мадикош, аз қалды, шыда. Халатың көйлекке, үй тәпішкелерің биік тақа туфлиіңе айналады. Маникюр, прическа, макияж. Жарқырап жүресің сахнада қайтадан. “Сұф сұф “ деп жіберіңіздерші. Мен оралам. Жақында. Жуырда" , - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әртіске өз қолдауын білдіріп, оны төзімді болуға шақырды. Олар отандық жұлдызға өнерге оралар күні алыс емес екенін айтып жұбатты.
Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова коронавирус пандемиясы салдарынан енгізілген карантин режимі кезінде күйзеліске түсіп кеткенін айтқан болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1855578-men-oralam-sahnalyk-mirin-sagyngan-sduakasova-zelide-zin-zbatty/