Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Нұрсейітованы алып гүл шоқтарымен көмкеріп жүрген кім (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желінің арқасында қалың көпшілікке танылған Айнұр Нұрсейітованың жеке өмірі қашанда қызу талқыда. Үш мәрте ажырасып сәтсіздікке ұшыраған ару енді нағыз махаббатын кезіктіргенге ұқсайды. Белгісіз біреу Instagram жұлдызын күніге алып гүл шоқтарымен көмкеруде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұған дейін Айнұр Нұрсейітова тек әпкелерімен өткізген демалыстары мен түрлі сәнді образдарымен бөлісіп тұрған. Ал соңғы уақытта оның желідегі парақшасында гүл шоқтарымен түскен фотолары қаптап кетті.

Белгісіз біреу аруды күніге түрлі тосын сыйлармен қуантуда. Ол Нұрсейітоваға күн сайын жаңа гүл шоғы мен өз атынан хат жазып жіберуді әдетке айналдырған.

Желідегілер әлдекім сылқымның көңілінен шығу үшін барын салып жүр деп топшылады. Кейбірі тіпті, оны төртінші мәрте тұрмысқа шыққалы жатқанын болжады.

"Бақытты болыңыз, шын бақытқа лайықсыз" , "Төртінші күйеуіңіз болады ма?" , "Күн сайын гүл шоғын беріп жүрген кім екен? Сүйіктіңізді жолықтырдыңыз ба?" , "Төртінші мәрте қалыңдық болатын сияқтысыз" , "Күнде гүлшоқтарын тарту етіп жүрген қандай жомарт жан?", "Сіз үшін қуаныштымын" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Бота Нұрсейітованың бала-шағасымен Алматыға қайтадан көшіп келгенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1856428-ajnr-nrsejitovany-alyp-gl-soktarymen-kmkerip-zrgen-kim-foto/

pixel