Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ағаларыма кірмей қалдым": Әндері хит болған Argonya Бесбаевқа реніш білдірді

Жарияланған күні:

Тыңдарман қауымына шулы хит әндерімен танылған Argonya өнердегі ағаларына ренжулі. Ол жоғарғы буын жұлдыздары оның шығармашылығын дұрыс түсінбей жүргеніне күйінді. Әнші бәрінен де Мейрамбек Бесбаетың сыны өзіне аса ауыр тигенін ашып айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ Нұрсұлтан Құрманның Youtube арнасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Argonya үлгі тұтатын өнер иесінің өз шығармашылығына қатысты айтқан сөздерін ауыр қабылдағанын жасырмады. Ол не себепті дәл Мейрамбек Бесбаевқа қатты ренжігенін түсіндірді.

"Көп керағар пікір естідім. Көп аға буын өкілдері айтты. Көбінен естідім, көбісін қабылдадым. Бірақ, ең ауыр тигені - өзімнің ең қатты жақсы көретін ағамнан болды. Дәл сол ағамның сөздері маған ауыр тиді. Өйткені, сен өзің тамсанбайтын адам түсінбей жатса, саған да бәрібір. Ал, енді үлгі тұтатын әрі қатты жақсы көретін адамың солай айтып жатса, жаман болып қалады екенсің. Дәл "осы адам мені түсінеді "деп ойлағанда солай жасағаны ауыр. Менің ең сүйікті ағам деп отырғаны кісім - Мейрамбек Бесбаев. Бірақ, мен ол кісіге айтар сөзім мен қорғанысым жоқ. Ағам солай ойласа, солай да шығар" , - деді әнші.

Сонымен қатар, ол өнердегі ағаларынан сөгіс естіген кезін есіне алды.

"Бағдарламаға ән жазуға кіріп қалғанда бөлмеде Мейрамбек аға, Тоқтар аға мен Аман аға болды. Өнер тарландары ғой енді. Аңыз адамдар біз үшін. Айқын мені таныстыра бергенде, олар "Argonya деген сен ба? Мынауың не? Танымал болудың жөні осы екен деп " деп маған сын төгілді.
Мен енді ол жерде бірден басымды иіп, қабылдап, жеп қалдым. Мен қарсы шықсам шаруам бітетін еді. Бірақ, бір күні Алла тағала сол күнге жеткізіп жатса, мен асықпай отырып оларға түсіндіретін едім. Маркетинг деген нәрсе екенін айтар едім" - деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1856642-agalaryma-kirmej-kaldym-nderi-hit-bolgan-argonya-besbaevka-renis-bildirdi/