Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөзбен жеткізе алмаймын": Жахан Отарғалиев Тәуекел Мүсілім өзін менсінбегенін жайып салды

Опубликовано:

Отандық танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев Тәуекел Мүсіліммен алғаш кездесуін есіне алып, қызықты оқиғасымен бөлісті. Ол қыздар қауымының арманына айналған актер өзін бірден менсінбегенін жасырмай айтты. Шоу-бизнес серілері бір киноның түсірілімінде танысып, достардың рөлін сомдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жахан Отарғалиевтың айтуынша, Тәуекел оның өзімен фильмге түсетінін білген бойда сценарийді қайта сұратып, ойланып қалған. Атышулы әзілкеш оның өзімен қалай амандасқанын әлі де ұмытпаған. Ол шоу-бизнес серісін көрген сайын сол әрекетін әлі де бетіне басып жүргенін айтты.

"Киноға шақырту аламын. Тәуекелдің досын сомдау керек боламын. Біз Тәуекелді "НТК" арнасынан ғана көрген адамбыз ғой. Оны алғаш рет тірідей көрген кезді ұмытпаймын. Қазір көрген сайын оған әзілдеймін. Менімен қалай амандасқанын көрсең ғой. Жақтырмағаны, менсінбегені көрініп тұрды. Оған "сенімен бірге ойнайды" деп айтқанда сценарийді қайта сұратып ойланып қалғаны бар. Не дегенмен Тәуекел ғой" , - деді Жахан Отарғалиев.

Еске сала кетейік, Тәуекел Мүсілім үйлену тойы осы жазда өтетінін ресми хабарлады. Дүбірлі шара аса ауқымды түрде жеті бөлімнен тұратын болады. Көптен күткен тойдың қалай өтетінін оның ұйымдастырушылары егжейлі-тегжейлі айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857645-szben-zetkize-almajmyn-zahan-otargaliev-tuekel-msilim-zin-mensinbegenin-zajyp-saldy/

pixel