Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың бірі саналатын Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің айналасында сөздер таусылар емес. Желі қолданушылары "КешYOU" тобынан түлеп ұшқан әншіге "тоқал" екенін әлі де бетіне басып, сынап жатыр. Көпшіліктің жағымсыз пікірлерінен мезі болған өнер иесі оларға желі арқылы жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жұлдыз Өмірғали Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, өзін орынсыз сөгіп жатқан халықты орнына қойған.

Айқынның екінші жары өзін тоқал деп атау не себепті қате екенін түсіндіріп өткен.

"Бәрі тоқал, тоқал дейді. Айтайын, тоқал деген: егер сенің күйеуің бірінші әйелімен тұрып, сол уақытта сенімен де отбасын құрса, тоқалсың. Ал егер жолдасың ол жақпен ажырасса, қарым-қатынасын үзіп саған үйленген жағдайда ол тоқал деп саналмайды.
Сондықтан кішкене көзді ашыңыздар. Мен тоқалы емес, заңды түрде әйелімін. Ондай сөздерді айтпай-ақ қойыңыздар", - деді ол.

Айта кетейік, карантин уақытында бірқатар өнер иелері екінші мәрте тұрмысқа шығып жатыр. Бірінші болып қуанышты жаңалығымен Мөлдір Әуелбекова бөлісті. Әнші екі дүркін орамалды болғанын қалың жұртқа өзі хабарлады.

Оның артынан бірер күн өткен соң, Алтынай Жорабаева да тағы да келін атанғалы жатқанын жеткізді. Ол бұл шешімді қыздарымен ақылдаса келе қабылдағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857861-kzdi-asyyzdar-zldyz-mirgali-zin-tokal-dep-skkenderge-zauap-berdi/

pixel