Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Бағлан Әбдірайымов "Мәдениет саласының үздігі" атанды (фото)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов "Мәдениет саласының үздігі" атанды. Өнер иесіне мәртебелі атақты растайтын құжат пен арнайы төсбелгі берілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бағлан Әбдірайымов еңбегі министрлік тарапынан ескеріліп жатқаны туралы Instagram парақшасында хабарлаған. Ол "Мәдениет саласының үздігі" атағына ие болғанын алдымен барша жанкүйерлерімен бөлісуді ұйғарған.

"Мәдениет саласының үздігі" - деп ескеріп, төсбелгі тағайындапты. Рахмет" , - деген қысқаша жазба қалдырды ол.

"Жігіттер" квартетінің мүшесі қалың көпшілікке өзіне табысталған құжат пен төсбелгіні де көрсетті.

Желі қолданушылары Бағлан Әбдірайымовты жарыса құттықтап, оған деген ізгі тілектерін жаудырған. Олар өнер иесінен алдағы уақытта жаңа әндермен қуантуын сұраған.

"Құтты болсые ағасы, лайықтысыз" , "Әбден лайықсыз, бұрында беру керек еді" , "Жігіттер тобы ол расында да талай жасқа үлгі болды,есті әндерді жарыққа шығарды! Баке жемісті болсын,сіздерге қарап мектепте әндеріңізді шырқадық,былайша айтқанда жол түзедік ғой! Лайық марапат құтты болсын" , "Жаңа әндермен қуанта беріңіздер" , "Марапаттарыңыз көбейіп, еңбегіңіз барынша елене берсін" , - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейңк, бұған дейін "КешYOU" тобының директоры да "Мәдениет саласының үздігі" атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1859301-nsi-baglan-bdirajymov-mdeniet-salasyny-zdigi-atandy-foto/

pixel