Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қателік жасадым": Индира Расылхан күйеуі екеуінің махаббаты туралы ашып айтты

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Индира Расылхан жолдасы екеуінің қарым-қатынасы қалай өрбігені туралы айтып берді. Әнші жұбайымен араларындағы ерекше махаббат сезімі мен отбасылық өмірде жіберген қателіктері жайында жан сырын ақтарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/indirarasylkhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/indirarasylkhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Индира Расылхан жолдасымен уақытша айырылысып кеткен кезін есіне алып, ара қатынастарының суып кетуіне не себеп болғанын ашып айтты.

Өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарына барынша ашылып, күйеуі екеуінің махаббаты жайлы жазба жариялады.

"Асекеңнің махаббатына таң қаламын ғой. Осы уақытқа дейін, махаббаты бір шкалаға төмендеген емес. Біздің балалар, әкесінің анасына деген махаббатын көріп өсті.

Оларға әкесінің анасын құшақтай салуы ешқандай да ерсілік білдірмейді. Әке мен ананың арасындағы махаббатты көріп өскен бала толыққанды бақытты сезінеді. Ер адамның махаббатын сезген әйел, қай уақытта болсын мықты көңіл күймен жүретіні рас.

  • Дәлелдеп керек емес. Ал ердің махаббатының шкаласының түспеуі, ол әйелдің құрметі деп білемін.
Еріңіз махаббатын сездірте алмаса, әйелден тосқауыл бар деген сөз. Еріңізді барымен қабылдай алмағандығыңызда. Ойыңызда еріңізді өзгерткіңіз келетіндігінде.

Әйелдің ең бірінші қателігі - ерін қиялындағыдай еткісі келуінде. Алыстан алмай-ақ қояйын, тура осы қателікті өзім де жасадым. Күйеуге шығар алдында "мен оны өзгертіп аламын" дегенмін ғой өзімше болып.

Иә, жасап шығара аласың деген іштей оның қасарысқан энергиясы пайда болған. Себебі мендегі ой өз энергиясын Асекеңе беріп тұрған.

Сондай ойдан ер мен әйелдің арасында түсіне алмайтындай ойша соғыс басталады. Әйел әдеттегідей айта алмайды, ер адам іштей ерегіседі. Мұның шешімі бір-ақ нәрсеге келіп тіреледі. Еріңізді барымен қабылдаңыз, оны өзгертіп қажет емес.

  • Ол ақылды болса өзі-ақ сіздің махаббатыңызды күніге сезіну үшін ұшып жүріп, бар қажеттілігіңізді әкеліп беруге дайын болады.
Әйелден махаббат болса, ерден 10 есе болып қайтары сөзсіз. Бергеніңіз міндетті түрде қайтып келеді. Ол жақсылық болсын, я жамандық болсын" , - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Индира Расылхан күйеуін сынға алғандарға жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1859501-ekatelik-zasadym-indira-rasylhan-kjeui-ekeuini-mahabbaty-turaly-asyp-ajtty/

pixel