RU

"Әкем көрсетіп қойған": Нұрболат Абдуллин тоқал алуға қатысты жауап берді

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин тоқал алу мәселесіне қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі көп әйел алуды құптамайтын болып шықты. Ол өмір бойы бір жанмен бақытты ғұмыр кешуге болатынын жеткізді. Әншінің айтуынша, бұл тұрғыда ол әкесінен үлгі алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/nurbullin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/nurbullin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Нұрболат Абдуллин карантин уақытында желіде тыңдармандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Ол өз жанкүйерлерімен Instagram парақшасындағы Stories арқылы байланысқа шыққан.

Өнер иесі түрлі сауалдар арасында тоқал алу мәселесіне жеке тоқталып, оған қатысты өз ойын ашып айтқан.

"Мендегі ой мынадай: Егер, әйел адамға екі немес үш күйеу алуға рұқсат етілген болса, еркек біткен қайтер еді? Сондықтан сендік жүрегі бар бір адамың болғаны абзал. Одан кейін бір әйелмен бақытты өмір сүру керектігін әкем-ақ көрсетіп қойған" , - деп жауап берді Абдуллин.

Әншінің тоқал алуға қарсылығына барша әйел қауымы риза болды. Олар эстрада жұлдызының мұндай пайымдауына тәнті болғанын жасырмай, оған жарыса өздерінің жылы лебізін білдірген.

"Толықтай келісемін" , "Өте дұрыс айтқан" , "Нағыз ер азаматтың сөзі", " Шыны керек, сіз осындай ойда деп ойламаппын. Риза болып отырмын сізге" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1859522-kem-ak-krsetip-kojgan-nrbolat-abdullin-tokal-aluga-katysty-zauap-berdi/