jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Жұлдыз Әбдікәрімова: Мен 10 жыл қамақта емес, жанұя деген жұмақта өмір сүрдім

    : Instagram

    Қазақ эстрадасының хит әншісі Қайрат Нұртастың жары өзінің он жылдай халықтан жасырынып жүрген кезіне қатысты бар шындықты айтты. Жұлдыз Әбдікәрімова ол көпшілік ойлағандай азапқа толы уақыт емес, керісінше нағыз ғажап күндер болғанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Жұлдызды отбасының келіні Instagram парақшасында өз оқырмандары жиі қоятын сұрақтарға шынайы жауап беріп, олармен ашық сөйлескен. Алайда, жаудырылған сауалдардың біреуі Әбдікәрімоваға аса ұнамай қалған көрінеді. Ол "Сіздің орныңызда 10 жыл шыдай алмас едім" деп пікір білдірген адамға бірден басып жауап қайтарды.

    Қайрат Нұртастың жары өзінің елден жасырынып жүрген кезін нағыз қамақта отырғандай күйге теңеп жүргендердің болжамын жоққа шығарды. Көпбалалы ана ол кезде де дәл қазіргідей бақытты болғанын айтты.

    "Мен 10 жыл қамақта емес, жанұя деген жұмақта өмір сүрдім әлі де сүріп келемін. Ол шыдай алмас азап емес, нағыз ғажап күндер. Сондықтан олай ойлауыңыз қате дер едім" , - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова желіде шу тудырған қысқа киімді ару туралы бейнероликке қатысты өз пікірін білдірген болатын. Ол еркектер "қысқа кидің" деп қыздарға бас салмайтынына кім кепіл екеніне шүйлікті.

    Жұлдыз Әбдікәрімова: Мен 10 жыл қамақта емес, жанұя деген жұмақта өмір сүрдім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.