Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Жүнісбековты танымайтынын айтқан әділ қазылар қатаң сөгіс естіді (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал телепродюсер Ақылбек Досжанов "Жұлдызды жекпе-жек" жобасының түсірілімі барысында әділ қазыларға ұрысып тастады. B.A.S. Production басшысы Асқар Жүнісбековты танымаймыз деген Толқын Забирова мен Нұргүл Нұғымановаға шүйлігіп, оларды сөгіп тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әділ қазылар орнындағы қос әншінің Асқар Жүнісбековты алғаш тыңдап тұрғандарын айтқаны Ақылбек Досжановтың ашуына қатты тиген.

Телепродюсер жоба қатысушыларын сынап бағалау үшін келген өнер иелерінің бұл қылығы аса ұят жағдай болғанын айтты. Ол Толқын Забирова мен Нұргүл Нұғыманованың өзіндік тыңдармандар аудиториясы бар Жүнісбековты танымайтынына таңғалған.

Досжанов қатысушыларды сынап бағалайтын қазыларға бағдарламаға келер алдында олардың шығармашылығымен танысып алуға кеңес берді.

"Әділ қазылар алқасы сіздерге айтарым бар. Мынадай үлкен бағдарламаға келе тұрып, адамды танымаймын деген өте дұрыс нәрсе емес. Өйткені, сіздер бағдарламада екі адамды ғана бағалайсыздар. Неге сіздер "кімге әділ қазы болайын деп жатырмын" деп бір уақыт ойланбайсыздар? Қатысушылар жайында Ютуб желісінен болсын, ақпарат табу, шығармашылығымен танысу қиын емес.
Сол себепті, сіздердей әншілер мен сазгерлер қауымына ренішім бар. Асқардай азаматты танымаймыз деген өте ыңғайсыз нәрсе болды. Ренжімеңіздер оған, жеке пікірім. Жобаға жастау қазылар да керек деп ойлаймын. Өйткені, Асқарды танымаймыз дегендеріңіз мен үшін ұят жағдай болды. Егер бұл бағдарлама менің продюсерлігімде болғанда, Нұғыманова мен Забированың мына айтқанын кесіп тастауға толық құқығым болатын еді. Бұл пікірлеріңізбен жастарды мойындамай жатқандай болып тұрсыздар" , - деді Досжанов.

Ақылбек Досжановтың әділ қазыларды сынап тастаған сәті Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860543-askar-znisbekovty-tanymajtynyn-ajtkan-dil-kazylar-kata-sgis-estidi-video/

pixel