RU

"Бір жасқа толды": Қызын туған күнімен құттықтаған Айқын ел жүрегін елжіретті

Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің қызы Айя бір жасқа толды. Жұлдызды әке ең кенже перзентін туған күнімен ерекше құттықтап, оның ерекше әрі естен кетпес сәттері таспаланған естелік видеолармен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айқын Төлепбергеннің Instagram парақшасы енді кілең балаларының суреттеріне толы болып кеткен. Бұған дейін бала-шағасын мүлдем көрсетпей келген әнші енді өзіне гөрі, перзенттерін көбірек салады.

Бүгін, жұлдызды жанұя ерке қыз Айяның туған күнін тойлауда. Айқын мен Жұлдыздың ортақ баласы бір жасқа толып отыр. Соған орай, әкесі оған өз жүрекжарды жазбасын арнап, ақ тілегін жаудырған.

"Айя 1 жасқа толды! Осы тәтті періштені дүниеге алып келген Жұлдызға үлкен рахмет. Қызымыз ақылды, көрікті, дені сау болып өсе берсін" , - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің қуанышына ортақтасып, кішкентай бүлдіршінге тілек айтуды жалғастыра кеткен.

Айта кетейік, Айқын Төлепберген бүгінде отандық шоу-бизнестегі көпбалалы әкелердің бірі саналады. Әншінің төрт баласы бар. Эстрада жұлдызының бірінше некеде туған бір ұл мен бір қызы болса, екінші жары Жұлдыздан да да екі перзенті бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1861583-bir-zaska-toldy-kyzyn-tugan-knimen-kttyktagan-ajkyn-el-zregin-elziretti/