Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жахан Отарғалиев рөл үшін таласқан Қайрат Әділгерейді екінші қабаттан лақтырып жіберді

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаетың кезекті киносындағы басты рөл үшін таласқан Жахан Отарғалиев пен Қайрат Әділгерейдің төбелесінің толық видеосы шықты. Бәсекелестікте жеңіске жеткен әзілкеш эфир кезінде қарсыласына жұдырық ала жүгіріп, оны екінші қабаттан лақтырып жіберген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Қос актер Қоянбаевтың туындысында бой көрсету үшін бәріне баруға дайын екенін дәлелдеді.

Бір рөлге қызу таласқан Отарғалиев пен Әділгерейдің дауы "Қызық live" бағдарламасында жалғасты.

Сөзге келіп қалған өнер иелері төбелесе кетіп, студиядағы заттардың барлығын қирата бастаған. Желіде тарап кеткен видеоға қарап, Жаханның Қайратты екінші қабаттан лақтырып жібергенін көруге болады.

Бағдарламаның толық нұқсасында аталмыш оқиғаның алдын ала жоспарланған екені анықталды.

Бір-бірімен жаға жыртысқан актерлар соңында бірден құшақтаса кетіп, көпшілікті таңғалдырды. Екеуі бұл әрекеттерін халық қызығушылығын тудырып, көңілін көтеру үшін өзара келісіп алған көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Жахан Отарғалиевтың Қайрат Әділгерейді гитарамен қуалап, соғып жүргенін жазған болатынбыз. Ашуға булыққан қос актерді бағдарлама жүргізушілері ажырата алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862564-zahan-otargaliev-rl-sin-talaskan-kajrat-dilgerejdi-ekinsi-kabattan-laktyryp-ziberdi/

pixel