Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шектеуге құқыңыз жоқ": Айқын тойға тыйым салуды ұсынған Аружан Саинға жауап берді

Жарияланған күні:

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген тойларды екі жылға дейін шектеуді ұсынып, шағымын айтқан асабаны сынға алған Аружан Саинға жауап берді. Ол белгілі қайраткердің той-бизнес саласына деген пікірінің қате екенін бетіне басып, өз жанайқайын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn.
Фото: Instagram/aikyn.: Instagram

Айқын Төлепберген тойларға тыйым салуға қатысты ұсыныс тастаған Аружан Саинға бұл салада еңбек ететін жандардың қазіргі жағдайын баяндады. Әнші Instagram парақшасында азулы жазба жариялады.

"Осы тақырыпты жаба салайын деп едім. Бірақ мына жазбаға жауап бермесем болмас. Бүгінде екінің бірі дәрігерлер еңбегін жамылып жүр. Қазір мереке тойлап жүретін уақыт емес екені анық. Мен өзім де адамдардың жиналуына қарсымын. Тіпті ол жаназа болса да. Себебі, 21 ғасырдың індеті маған да жұқты. Қазіргі уақытта мен одан ем қабылдап жатырмын.

Бірақ, сіздердің айтып отырғандарыңыз - екі жыл. Қалжыңдап отырған боларсыздар. Бұл қайдан шыққан сандар? Пандемия мәңгіге созылмайды ғой. Той саласын басқа кәсіптерді секілді қарастыру керек. Вирус бәсеңдегенде бұл салаға қойылған шектеулерді де алу қажет. Сол кезде әділетті болады. Қоғамдық көлік пен ХҚКО-да да жұқтыру қаупі жоғары емес пе?

Басқа мекемелердің барлығы ашылған уақытта не себепті той саласы ғана екі жылға жабылу қажет? Ақылға қонымсыз. Пандемиядан кейін не болатынын қазірден бастап ойластыру керек. Шағын бизнес бүгінде тұншығып жатыр. Ол мемлекет көмегіне зәрі болуда. Оған тыйым емес, қолдау нағыз қажет.

Құрметті Аружан мен сізді мақтан тұтамын. Біз және біздің балалр үшін жасағаныңыз бенжасап келе жатқан игі істеріңіз үшін қатты сыйлаймын. Сіздің жобаларыңызға өзім де қатыстым. Бірақ, кешіріңіз. Күллі той бизнесті бір тамадаға сүйеп қою сіздің бұл саланы қатты білмейтініңізді көрсетеді. Оған қоса, тойда қызмет ететін жандарға деген шынайы көзқарасыңызды көрсетіп тұрғандай.

Тойдың артында қаншама адам тұр. Олардың барлығы жұмыссыз қалмақ. Соны ойладыңыз ба? Даяшылар, мейрамханалар қызметкерлері, аспаздар, техникалық ұжым, күзет, әкімшілік. Асаба, бишілер, әншілер, кқлік безендірушілер, ұйымдастырушылар бар. Той дегеніміз тұсау кесер, шілдехана, мерекелік жиындар бола алады. Ол міндетті түрде тек үйлену той емес" , - деп жазды ол.

Айқын сөзінің соңында демократиялық елдің азаматы болғандықтан, бұл даулы мәселеге қатысты өз ойын еркін түрде айта алатынын деткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1863731-sekteuge-kkyyz-zok-ajkyn-tojga-tyjym-saludy-syngan-aruzan-sainga-zauap-berdi/