Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Терісқақпай" театрының актері өмірден өтті

Жарияланған күні:

Қалаң көрермендерге "Терісқақпай" театры арқылы танылған белгілі актер Дархан Дайырбек өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Дархан Дайырбек
Фото: Facebook/Дархан Дайырбек: Instagram

Қаралы хабарды журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы жеткізді.

"Курстасым Дархан Дайырбек те өтті өмірден. Алла алдынан жарылқасын! Ақжол, құлыншақ, бекем бол! Курстастарыма, Дарханның туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын! Ақ көңіл, жаны жайсаң жан еді.
Кеше Жәмиламен сөйлескем. Бүгін түсіме кіріп еді. Таңғы 4-те оянып кеткем. Сезіп едім. Құдай-ай. Өзің сабыр бер", - деді ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Актердің әріптесі әрі досы Асқар Наймантаев та марқұм туралы әсерлі жазба қалдырды.

"Қайтейін-ай! Алыста болып аңырап, жырақта жүріп жер сипап қалдым-ау, ағайын Жаным-оу, Дархан-оу, енді қайтем! Таныстың бәрін жұмылдырсақ та тынысыңды аша алмадық қой. Жан досың, серігің Ұлан күндіз түні жоғыңды жоқтап, керегіңді жеткізсе де араша бола алмадық. Сенің жұтар бұр жұтым суың, терең дем алар ауаң бола алмадым. Қабақ шытпай қиындықты жымиып жеңуші едің. Сенің қателігіңді де қайталай алмаймыз ау енді. Терісқақпайдың да қатары сөгілді халқым, оны енді бүтіндей алмаймын. Бақұл бол", - деді ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Дархан Дайырбектің аурухананың жансақтау бөілімінде жатқанын жазған болатынбыз.

Бұл туралы ақпаратты журналист Жарылқап Қалыбай жеткізген еді.

"Менімен аурухананың бір бөлмесінде жатқан "Терісқақпай" театрының актері, бірнеше киноға түскен Дархан Дайырбектің дем алуы нашарлаған соң 6 күн бұрын жансақтау бөліміне ауыстырған. Екі күннен бері ватсабы жауап бермеген соң, дәрігерімнен көмек сұрап едім, жағдайы нашар екенінін әріптестерінен біліп берді.
Осыған байланысты Дарханның туыстары мен достарының шұғыл түрде ауруханаға келіп, жағдай сұрап, хабарласып, қолынан келген көмектерін аямауды өтінемін. Ал әлеуметтік желідегі ағайынға дұғада болуды сұраймын. Алла шипасын беріп, жансақтау бөлімінен аман шығуына тілекшімін!", – деді ол.

Айта кетейік, Дархан Дайырбек 1969 жылы дүниеге келген. Қазақстанның мәдениет қайраткері, актер. "Терісқақпай" комедия театрының әртісі. Отандық бірнеше фильмдерде басты рөлді сомдаған: "Әкім", "Құдалар", "Қазақша тонау", "Сүрбойдақ", "Келинка Сабинка-2", "Бес күндік күйеу", "Мен күйеу баламын", т.б.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1863873-teriskakpaj-teatryny-akteri-mirden-tti/