Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Абайқызы ресми түрде ажырасты

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Ақбота-Нұр Абайқызы мен Дәурен Айдарқұлов ресми түрде ажырасты. Бұл туралы оқырмандарына өнер иелерінің өздері хабарлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Абайқызы ресми түрде ажырасты
Фото: instagram.com/daurenaidarkulov: UGC

Ақбота-Нұр Абайқызы Instagram парақшасында өзіне көптен бері қойылып жүрген сауалға жауап берді. Әнші күйеуі Дәурен Айдарқұловпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді.

"Соңғы күндері менің отбасылық жағдайыма алаңдаушылық танытып сұрап жатқан жүректеріңізден айналдым. Иә, Дәуренмен ара-қатынасымыз заңды түрде тоқтады! Ендігі жерде ешкімді кінәлап, біреуді даттаудың керегі жоқ шығар. Саналы түрде осындай шешімге келдім.
Бір басыма жетерлік өмір сынақтарынан өтіп жатырмын, алда не күтіп тұрғаны да беймәлім. Айтарым, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, қалғаны тағдырдың жазғаны. Елдегі жағдайды көріп отырсыздар, менімен жағаласқанша өз өмірлеріңізге, денсаулықтарыңызға көңіл бөліңіздерші", - деп жазды желіде жұлдыз.

Бұл ақпаратты жұлдыздың ендігі экс күйеуі Дәурен Айдарқұлов та растады. Актер желідегі парақшасында әйелімен ажырасса да, жақсы қарым-қатынасты сақтап қалғанын сөз етті.

"Төрт жыл бұрын "Гламур для дур" фильміне кастинг кезінде Ақботамен танысып, өмірім түбегейлі өзгерді. Енді міне араға 4 жыл салып, біздің ара-қатынасымыз тоқтады. Ажырасамыз. Не үшін ажырасқанымызды айту ойымызда жоқ. Біз барынша некемізді сақтап қалуға тырыстық. Бір-бірімізге деген сыйластығымызды сақтап, айырылыстық. Жаратқан мен Боташқа Ибрахим мен Аиша үшін алғыс айтамын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864434-duren-ajdarklov-pen-akbota-nr-abajkyzy-resmi-trde-azyrasty/

pixel