"Жақсы көрмейді, жаман заттар істейді": Айдарқұлов не себепті ажырасқанын айтты
Жарияланған күні:
Жақында ғана екінші мәрте ажырасып кеткенін хабарлаған Дәурен Айдарқұлов Ақбота Сейітмағамбет екеуінің қарым-қатынасына қатысты бар шындықты айтты. Белгілі актер жас келіншегімен не себепті айырылысып кеткенін түсіндірді. Оның айтуынша, әнші ару оны жақсы көрмеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дәурен Айдарқұлов Ақбота Сейітмағамбетпен ажырасуының себебін Instagram желісінде жүргізген тікелей эфирі кезінде айтты. Көпбалалы актер әйелі оның сезімін суыту үшін жаман нәрселер істегенін жайып салды.
"Адам өзі сүймесе, оны сүймей кету үшін әдейі жаман заттар істесе, адамның жүрегі суи бастайды" , - дейді актер.
Оған қоса, өнер иесі екінші жарына деген сезімі қандай болғанын айтып берді.
"Әрбір адамға деген белгілі бір сезімдерім бар. Негізі, махаббат әр түрлі болады екен. Алайда, көлікте отырып, махаббат туралы ән тыңдап, "бұл өлеңнің мағынасы осындай екен ғой, енді түсіндім" деп қалып жататын кездер болады. Ақботаға деген сезімім осындай болды" , - деп ағынан жарылды актер.
Айдарқұловтың тікелей эфирінен үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды.
Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов екі некеде туған балаларының не себепті өзара араласпайтындарын түсіндірді. Белгілі болғандай, бауырлардың кездесуіне актердің бірінші әйелі қарсы екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865230-zaksy-krmejdi-zaman-zattar-istejdi-ajdarklov-ne-sebepti-azyraskanyn-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.