Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбек Оразбеков: "Көршінің қызын" айтатын адам маған сын айтпай-ақ қойсын

Жарияланған күні:

Назарбек Оразбеков
Фото: Видеодан кадр

"Жұлдызды жекпе-жек" жобасына қатысқан әнші Назарбек Оразбеков өнердегі бірқатар ағаларына өкпелі екенін жасырмады. Жас өнерпазға бәрінен Тоқтар Серіковтың айтқан сыны ұнамаған. Оның ойынша, "Көршінің қызы" деген әнді айтатын өнер иесі өзін сөгуге тұрарлықтай емес деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі Nursultan Qurman арнасына сілтеме жасап.

Назарбек Оразбеков Тоқтар Серіковке қатысты пікір білдіріп, оның өзіне айтқан сыны орынсыз болғанын алға тартты. Ол сахнада әртіс болып жүретін бірқатар жұлдыздардың шынайы өмірде елге көрінгендей жақсы емес екендерін жайып салды.

Оның айтуынша, аға буын әншілердің көбісі халық алдында "бетпердесін тағып алып" жүреді.

"Мен оны Тоқтар аға демеймін. Тоқтар деп айтамын. Себебі, менің ол кісімен еш байланысым, қарызым жоқ. Мен өнерде өзіммен өзім жеке өз жолыммен жүріп келе жатқан адаммын. Бұл жолға мен аспаннан салбырап түскен жоқпын. Мені басында менсінбеді ғой. Шабуыл жасап жатты. Мен жай күліп жауап қаттым. Өйткені, ол жерде басқаша сөйлесе алмайсың ол кісілермен. Басқалай айтып тастау үшін ұсақталғым келмеді. Ол ұсақ әңгіме мен үшін. Оны экранда монтаждап кесіп те тастайды.
Тоқтар маған негізі басында қызық болып жүрді. Гүлсім "Зауалды" айтты ғой. Сол кезде бір қынжылғаным, Тоқтар "зауалына енді ғашық болдым" деді. Сол сәтте маған Тоқтар толық түсінікті болды. "Зауал" ғашық болатын ән емес, ол әнді сезіне білу керек. Мен Тоқтар болсын, кім болсын қай жердікі екенін білемін. Оның үстіне "Көршінің қызын" айтатын адам маған зауалға пікір айтатын адам емес деп қабылдадым" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Назарбек Оразбеков Мейрамбек Бесбаевты ескі адам ретінде қабылдайтынын айтқан болатын. Ол эстрада жұлдызын мойындамайтындай көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1868994-nazarbek-orazbekov-krsinin-kyzyn-ajtatyn-adam-magan-syn-ajtpaj-ak-kojsyn/