"Әкем күзетші болған": Салтанат Бақаева балалық шағы туралы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Салтанат Бақаева қазақ киімімен
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Отандық танымал әнші Салтанат Бақаева балалық шағы туралы тың мәлімттермен бөлісті. Өнер иесі ауылда тұрған уақытта басынан өткен қызықты оқиғаларын айтып, оқырмандарына барынша ашылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Арнау" тобының әншісі тау бөктерінде өткен балалық шағы жайында түрлі қызықтарды айтып берді. Көпшілікке аса ашыла бермейтін Салтанат Бақаева кішкентай кезінде бұзық болғанын жеткізді. Өнер иесі достарымен бірге жүгері мен құлпынай ұрлағанын еске алып, ол туралы желідегілермен бөліскен.

Оған қоса, әнші әкесінің күзетші болып жұмыс істегені туралы да айтып өтті.

"Бұл менің тауларым. Осы таулардың бөктерінде туып өстім. Көптеген қызықты оқиғалар осы жерде өтті. 5 жасымнан қалада оқысамда жаз бойы осы жерлерді шарлайтынбыз. Әлі есімде ауылда колхоз-Алматы деген үлкен ұжым болған және сол жерде әкем плотник, одан сторож болып жұмыс істеген. Ал мемлекетімізде өзгеріс басталғансоң әке-шешем саудаға кетті. Үйдің жанында алма бақтары болатын.

Алма бақтың қоршауына иіріліп өскен жабайы ежевиканы теріп, базарға апарып сатып, сол ақшаға өзімізге керекті заттарымызды сатып алған кездер-ай. Үлкен алқаптарда құлпынай, жүгері, қияр өсіретін. Кімнің меншігінде болғаны есімде жоқ бірақ біз сол жерден жүгері мен құлпынайды достарымызбен ұрлайтынбыз. Сосын үйге әкеліп үлкен қазанға салып пісіреміз. Өз басым жүгері алқабынан қатты қорқатынмын.

Бірніші себеп - ол жердің күзетшісінде болды. Оның тұзды оғы бар мылтығы болатын. Сол оқ кімге екені есімде жоқ бірақ ауылдасымыздың тура жанбасына тиген деген сыбыс бар еді. Ал екінші себебі сол кездері өте танымал “дети кукурузы” деген киноны көріп алғам. Кинода болған оқиға тура біздің полямызға ұқсайтын жерде өтетін" , - деп жазды Салтанат Бақаева Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас та ата-анасының шаңырағына барып, балалық шағын есіне алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1869181-kem-kzetsi-bolgan-saltanat-bakaeva-balalyk-sagy-turaly-zan-syryn-aktardy/