Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойды сағынып қалған Әбдіжаппар Әлқожа достарымен бидің түбін түсірді (видео)

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа достарымен билеп жатыр
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа карантиннен шаршап, дүбірлі тойларды қатты сағынған көрінеді. Өнер иесі желіде мерекелік шараларда айтылатын әнге бидің түбін түсірген видеосын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа достарымен бірге аса көңілді видео түсіріп, оны Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазбада төрт ер адамның тойдағыдай би билеп жатқаны көрініс тапты. Бастапқыда кадрда тек үш азамат бой көрсеткенімен, кейін кенеттен оларға төртіншісі қосылған.

Желідегілер шоу-бизнес әншісінің дүбірлі той-томалақтарды қатты сағынып қалғанын жарыса жазуда. Оны өнер иесінің өзі де жоққа шығармады.

Ол оқырмандарынан өзінің аталмыш видеосының астына мерекелік шараларды сағынған үш адамды белгілеп кетуін сұраған.

Айта кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа қазіргі уақытта жақын достарымен бірге демалып жатыр.

Әншінің өнердегі бірқатар әріптестері де карантин уақытында шетел аса алмай, жазғы демалысын Қазақстанда өткізуде.

Серікбол Сайлаубек әлеуметті желі арқылы яхтада қалай және кіммен демалыс жатқанын желі арқылы көрсетті.

Айқын Төлепберген отбасымен демалу үшін алысқа бармай-ақ, Қапшағайда тоқтауды жөн көрген. Әнші өз демалысынан фото мен видеоларды белсенді түрде жариялап жатыр.

Оған қоса, бірқатар өнер иелері Алакөлде демалып қайтты. Олардың арасында еліміздің бас хитмені Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова мен әнші Шахизада Байбатжанова да бар. Шетелге бірге барып демалатын жұлдздар биыл Қазақстан ішінде бөлек қыдыруды жөн санаса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1869300-tojdy-sagynyp-kalgan-bdizappar-lkoza-dostarymen-bidi-tbin-tsirdi-video/

pixel