Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балалар Евровидениесі": Іріктеу кезеңіндегі қазылар алқасының есімдері белгілі болды

Опубликовано:

Junior Eurovision Song Contest
Фото: «Хабар» Агенттігі»

«Хабар» Агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 29 қарашада Польшаның Варшава қаласында мәресі өтетін халықаралық «Junior Eurovision Song Contest» байқауының Ұлттық іріктеуінің қазылар алқасы мүшелерінің есімдерін жариялады.

Бірінші кезең - Ұлттық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау 11 тамыз бен 20 тамыз аралығында жалғасады.

Екінші кезеңде әділ-қазылар алқалсы ең үздік деген 30 қатысушыны анықтайды. Келесі кезеңде – онлайн-дауыс беру арқылы Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталады. Сол 12 финалистің бірі «Junior Eurovision 2020» байқауында Қазақстан атынан қатысатын болады. Ол қатысушыны әділ-қазылар алқасы мен SMS арқылы дауыс беретін теледидар көрермендері бірге таңдайды.

Ұлттық іріктеудің әділ-қазылар алқасының құрамында «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, саундпродюсер Ерлан Бекчурин, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, продюсер Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары - Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya және Мәди Сыздықов бар.

Сондай-ақ, Ұлттық іріктеуге арнайы шақырылған әділ-қазы мүшесі - белгілі композитор, продюсер, «Eurovision Song Contest» ән байқауындағы Әзірбайжан делегациясының жетекшісі Иса Меликов те қатысады. Ол Дима Билан, Эльдар Гасимов, Никки Джамал, Glenys Vargas, Kevin Ettienne сынды орындаушылардың хит әндерінің авторы. 2011 жылы оның шәкірттері - Ell & Nikki дуэті – «Евровидение» ән байқауының жеңімпаздары атанды.

Анықтама үшін:

Аталмыш байқауға Қазақстанның осымен үшінші мәрте қатысуы - «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр. Биыл аталмыш байқаудың өтуіне еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіруде.

Байқауға 9 жастан 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады (финал уақыты кезінде - яғни, 2020 жылдың 29 қарашасында үміткердің жасы осы көрсеткіштен асып кетпеуі керек).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан «Балалар Евровидениесі» байқауына үшінші рет қатысуда. 2018 жылы байқауға Данелия Төлешова «Өзіңе сен» әнімен қатысып, алтыншы орынға ие болды. Былтырғы жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орын алды (қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын).

«Балалар Евровидениесі-2020» Ұлттық іріктеуі 4 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау. Қатысушыларға сауалнаманы толтырып, өзі орындаған әннің бейнежазбасын Ұлттық іріктеудің ресми сайтына jevision.khabar.kz жүктеуі керек. Өтінімдер 20 тамызға дейін қабылданады.

Екінші кезең – бұл халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал орындаушылардан құралған әділ-қазы алқаларының шешімімен ең мықты деген 30 қатысушыны іріктеу кезеңі.

Үшінші кезең - jevision.khabar.kz сайтындағы онлайн дауыс беру сатысы. Бұл кезеңде қазақстандықтардың әрқайсысы өзіне ұнаған қатысушыға дауыстарын бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталатын болады.

Төртінші кезең – Ұлттық іріктеудің финалы, бұл кезеңде еліміздің ең танымал деген композиторларының қатысушыларға арнап жазған арнайы әнін орындау арқылы, 12 финалист әнді шебер орындау жағынан жарысқа түседі. Әділ-қазылар алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Варшавада өтетін «Junior Eurovision Song Contest» Халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан сайысқа шығатын болады.

Ұлттық іріктеудің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

Instagram: @jevision2020.kz

Facebook: facebook.com/jevision2020.kz

* PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1869757-balalar-evrovideniesi-irikteu-kezeindegi-kazylar-alkasyny-esimderi-belgili-boldy/

pixel