Жанар Айжанова жалғыз қызын ұзатты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Айжанова жалғыз қызын ұзатып, күйеу баласына табыстады. Өнер иесі аталмыш дәстүрді өзі үйінде іске асырған. Айжұлдыз Адайбекованың ұзату тойы қалай өткені туралы KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Жанар Айжанова карантин болғандықтан жалғыз перзентінің тойын дүркіретіп мейрамханада атап өте алмаған. Ол бұл қуанышты үйінде әрі санаулы жандардың қатысуымен ғана тойлауға мәжбүр болды.
Өнер иесі есік алдына киіз үй тігіп, қызының ұзатуын барынша қазақи нақышта өткізген. Мерекелік шараға шақырылған қонақтардың барлығы да ұлттық киім киіп келген. Суреттерден қарап, онда тек күйеу бала ғана заманауи үлгіде киініп барғанын аңғаруға болады.
Instagram желісіндегі парақшаларда Айжұлдыз Адайбекованың ұзату тойынан фото мен видеолар тарап кетті.
Желі қолданушылары қос ғашықты құттықтап, оларға жүрекжарды тілектерін білдіріп жатыр.
"Бақытты болыңыздар, лайықсыздар" , "Қандай керемет жұп, махаббаттарыңыз мәңгі болсын" , "Керемет өтіпті ұзату, недеген тапқырлық. Маған аулада киіз үй құрғандарыңыз қатты ұнады" , "Өте жарасымды жұп. Жанар апай қызыңыз жақсы келін болсын" , - деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, осыған дейін Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желісіндегі парақшасында сүйіктісінің "үйлену туралы" ұсыныс жасағанын жазған болатын.
Ғашығының кім екенін ұзақ уақыт бойы көпшіліктен жасырып келген қалыңдық оны жақында ғана көрсетті. Жанар Айжанованың жалғыз қызының таңдауы белгілі отандық блогер әрі режисер Қыран Талапбекке түскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1869761-zanar-ajzanova-zalgyz-kyzyn-zatty-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.