Бүгін Хабар арнасынан "Құсайыновтар. Өмір жолы" телехикаясы көрерменге жол тартады
Жарияланған күні:
«Хабар» телеарнасының тапсырысымен түсірілген «Құсайыновтар. Өмір жолы» атты мелодрамасы бүгін көрерменге жол тартуда. Аталмыш телехикаяда Қазақстанның тәуелсіздік қарсаңында түрлі тағдыр тауқіметіне тап болған Құсайыновтар әулетінің өмірі суреттеледі. Мансап пен өзімшілдіктің кесірін, махаббат пен ғадауатттың әуресін, адамгершілік пен адалдықтың алар асуын бейнелейтін мағыналы да мәнді телехикаяның тұсау кесерін Хабар телеарнасынан, 17 тамыз күні яғни бүгін, кешкі сағат 22.25-те жіберіп алмаңыздар.
Телехикаяда оқиға шалғайда орналасқан ауылдардың бірінде өмір сүрген «Құсайыновтар» жанұясы айналасында өрбиді. 1985 жыл. Әулеттің үлкендері - Бейсен мен Шарипа алпыстан аспаған жандар.
Қолдарында келін–балалары Сәкен мен Ләззат,олардың бой түзеп қалған қыздары – Қасиет, Қайрат пен Мұрат есімді ұлдары бар, барлығы бір шаңырақ астында тұрады. Қасиет биыл мектеп бітіруші түлектер қатарында, одан соң көп ұзамай сүйіктісі Серікпен отау құруға ниетті.
Алайда, қалалық райкомның белді қызметкері болып қызмет атқаратын Сәкеннің туған інісі Талғат күтпеген жерден қызы Аружанды белгілі бір себептермен ауылға біраз уақытқа әкеліп тастайды. Ауылдың тыныс-тіршілігін мүлде жат көретін қалалық Аружан қайтсе де ауылдан кетудің амалын жасаумен әлек болады. Осы мақсаттағы соңғы әрекеті – ағайындас әпкесі Қасиеттің шаңырақ көтергелі жүрген жігіті Серікпен арасын суытып, сезімдеріне селкеу түсіру еді.
Айласын жүзеге асырған Аружанның бұл ойыны өзінің ойлаған нәтижесін береді: Қасиет пен Серік айырылысып, Аружанды отбасы қалаға алып кетеді. Серіктің сатқындығын бірден ұмыта алмаған Қасиет қатты қынжылумен жүреді, ал Қасиеттің алдындағы кінәсін қанша рет тырысып бақса да, жуып-шая алмаған Серік өмірге деген өкпесімен Ауғанстан соғысына өз еркімен сұранып кете барады.
Арада біраз уақыт өте, Қасиет сүйіктісі Серікті іштей кешіріп, жолын күтумен жүреді. Алайда, бір күні ауылға сүйіктісінің өзі емес, табытқа салынған денесі жеткізіледі... Қара жамылған Серіктің жақындары мен ауыл тұрғындары өрімдей жігіттің бұл өліміне Құсайыновтар әулетін кінәлі деп санап, оларды айыптай бастайды...
Ауылдағылардың бұл айыбына тоқтау болады ма? Ендігі Құсайыновтар отбасының әрекеті қандай болмақ? Қарашаның қарғысы Құсайыновтардың қайсысын бұл өмірден жалпап алып кетеді? Бой түзеген ұл-қыздарын жетектеген Сәкен мен Ләззаттың ендігі өмірлері не болмақ? «Өмір өзегі – махаббат» деп ұғынатын Қасиет өз бақытын өмірінде құша алады ма? Тәуелсіздік қарсаңындағы тоқыраудың тигізген кесірі бұл әулетке қалай әсер етеді деп ойлайсыз?! Тәлкекке түскен түрлі тағдырларын арқалаған «Құсайыновтар» отбасының оңайға берілмес өмір жолын Хабар телеарнасынан, дүйсенбі-жұма күндері, кешкі сағат 22.25-те бірге тамашалайық.
*PR құқығында
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1869771-bgin-habar-arnasynan-ksajynovtar-mir-zoly-telehikaasy-krermenge-zol-tartady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.