Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова қайын жұртымен қалай демалып қайтқанын көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова табиғат аясында
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шығып, бар уақытын отбасылық өміріне арнауда. Өнер иесі жолдасын ешкімге көрсеткісі келмесе де, қайын жұртын жасырмайтын болып шықты. Ол жаңа отбасымен табиғат аясында өткен демалыстағы суреттерімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова қалың көпшілікке өз қайын жұртын көрсетті. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында олармен табиғат аясында демалып қайтып, сол кезде түсірген фотоларымен бөлісті.

Суреттен бір топ адамның қайықпен жүзіп бара жатқанын көруге болады. Қызығы, олардың арасында белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан да бар.

Оған қоса, әнші ер адамдардың тау бөктерінде намаз оқып жатқан сәтін де жариялап қойған.

Әуелбекова қайын жұртына ерекше тәнті екенін жасырмады. Өнер иесі олардың барлығы игі адамдар екенін айтты.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова жақында ғана өз есімін Айша деп өзгертіп тастағаны белгілі болды. Бұл туралы оның өнердегі әріптесі Мұхтар Ханзада атты әнші хабарлады. Жас орындаушы "Кешью" тобының бұрынғы мұшесі өзінің жеңгесі болғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова карантин уақытында сүйіктісін жолықтырып, екінші мәрте тұрмысқа шығып жатқанын хабарлаған болатын. Бұл жаңалығынан кейін өнер иесінің өмірі күрт өзгеріп кетті.

Ол желідегі барлық фотоларын өшіріп тастап, барынша жабық киіне бастаған. Эстрада жұлдызының жанкүйерлері оның өнерді тастап кетуі мүмкін екеніне алаңдауда.

Сонымен қатар, желі қолдарнушылары әншінің кең киіне бастағанын байқап, оның аяғы ауыр деген болжамдарын жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1869798-mldir-uelbekova-kajyn-zrtymen-kalaj-demalyp-kajtkanyn-krsetti-foto/