Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Луина 33 жасында алғаш рет ана атанды

Жарияланған күні:

Луина жолдасымен бірге
Фото: Instagram/luinaofficial

Отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Луина 33 жасында алғаш рет ана атанды. Әнші өзінің жолдасына маңдайы торсықтай ұл баланы сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабармен Луинаның өзі Instagram парақшасында бөліскен. Өнер иесі босана салып, Stories бөлімінде баласымен түскен видеоны жариялап қойған.

Оған қоса, бейнежазбада сәбидің жылап жатқан үні де естіледі.

Шоу-бизнес жұлдызының күйеуі Артем Обухов та аса қатты қуанып, өзінің әке атанғанын желі арқылы барша жалпақ жұртқа жария еткен.

"Көптен күткен күн де келіп жетті. Бәрі ойдағыдай жақсы өтті. Жаным, маған ұл сыйлағаныңа рахмет. Мен сені сүйемін. Енді сендерді перзентханадан алып кетер күнді асыға күтетін боламын" , - деп жазып қойды.

Желі қолданушылары қос ғашықты бірден құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырып жатты. Олардың арасында бірқатар танымал тұлғалар да бар. Луинаның өнердегі көптеген әріптестері де желіде жас анаға деген өз ыстық лебізін білдірген.

Жан Мұқанов, Сая Оразғалиева, Мадина Сәдуақасова, Жәния Джуринская және тағы да басқалары жас жұбайлардың балалы болуына орай, желідегі парақшаларында оларға жазба арнады.

Еске сала кетейік, Луинаның аяғы ауыр екені осы жылдың наурыз айында белгілі болды. Әнші жолдасымен бірге отандық фильмнің тұсаукесеріне келіп, көпшілікті бұл жаңалығымен қуантқан еді.

Айта кетейік, қос ғашықтың үйлену тойы өткен жылы 19 қыркүйекте болып өтті. Алматыдағы аса қымбат мейрамханалардың бірінде өткен дүбірлі тойға барша шоу-бизнес қаймақтары шақырылды.

Оған қоса, әнші мен оның сүйіктісі некесін шариғат бойынша қидырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1869924-nsi-luina-algas-ret-ana-atandy/