Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз кейпіндегі "Жігіттер" тобының әншілері желіні жарды (фото)

Жарияланған күні:

Қыз кейпіндегі Мырзахан Маханов пен Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/erdoskanaev

"Жігіттер" тобының мүшесі Ердос Қанаев желіде өз әріптестері Бағлан Әбдірайымов пен Мырзахан Махановтың қыз кейпіндегі суретін жариялап, қалың көпшілікті күлдіртті. Шаш жалғап алған қос әншінің фотосы желіні жарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ердос Қанаев достарымен қалжындаспақ болып, Instagram парақшасында олардың қыз болып киініп алған суреттерімен бөліскен. Өнер иесі жүктеген фотосының астына күлкілі жазба да қалдырған.

"Жігіттер! Танысамын десеңіздер екі бойдақ қыз бар. Есімдері-Мырзагүл және Бағилаш. Бұл екеуіне үнемі айтам:” Шаштарыңды тарап жүріңдерші” деп. Шаштарың ұйпа-тұйпа боп жүрген соң кім қызықсын мына түрлеріңе? “Дұшпан аяғыңа, жігіт шашыңа қарайды”- деген" , - деп жазып қойған Қанаев.

Бағлан Әбдірайымов пен Мырзахан Махановтың шаш жалғап алған суретіне пікір білдіргендердің санында шек жоқ. "Жігіттер" квартетінің барша жанкүйерлері қос жұлдыздың ерекше образына тәнті болып, оларға қатысты өз ойын білдірген.

"Әдемі екеуі де, сөз жоқ" , "Сұлу екен ғой арулар. Шын айтса, сіздерді мұндай образда көрген бір түрлі екен" , "Мынау енді ұят болды. Сіздерді нағыз ер азамат ретінде құрметтеп жүрсем, сіздер қыз кейпіне еніп жүргендеріңіз дұрыс болмады" , "Қатырасыз, шығармайтындарыңыз жоқ" , "Прическалары бірдей екен" , - деп жазған оқырмандар.

Желіде атышулы фотоға пікір білдіргендер арасында Айдар Тұрғмбек те бар.

"Мырзагүл сұлу екен,көздің жауын алады" , - деп әзіл ретінде жазған ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870027-kyz-kejpindegi-zigitter-tobyny-nsileri-zelini-zardy-foto/