Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегімнің қожайыны": Мөлдір Әуелбекова жолдасына махаббатқа толы ән арнады

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова орамалмен
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақстандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова маңызды мәлімдеме жасап, барша жанкүйерлерін қуантты. Өнер иесі алдағы уақытта шығармашылығын қолға алып, үлкен сахнаға оралмақ. Әншінің жолдасы оның өнеріне өз рұқсатын берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шығармашылығын біраз уақытқа тоқтатқан Мөлдір Әуелбекова тыңдарандарын су жаңа әнімен қуантты. Эстрада жұлдызы бұл жолы аса әсерлі әнін өз жолдасына арнаған. Ол күйеуіне деген шексіз махаббатын өлең арқылы жеткізген.

Оған қоса, өнер иесі өз жанкүйерлеріне маңызды мәлімдеме жасап, әлі де үлкен сахнаға шығатынын айтты. Белгілі болғандай, отағасы оның шығармашылығына толықтай қолдау білдіруде.

"Құлыным Салтай екеуімізге ерекше қамқорлығымен арқа сүйер болып отырған жүрегімнің Қожайыны, Алла қосқан жан-жарыма қуанышпен "Сүйіктім" атты әнімді арнадым! Ма ша Алла! Ресми жариялаймын: Отағасы шығармашылығымды қолдаумен үлкен сахнаға шығуыма рұқсат етті", - деп жазды Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова өз қайын жұртын көрсеткен болатын. Ол жаңа отбасымен табиғат аясында демалып қайтып, ерекше суреттермен бөлісті. Қызығы, әншінің қайын жұртының арасында белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан да бар. Көпшілік өнер иесі оның келіні атанғанын жарысып жазуда.

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова карантин уақытында сүйіктісін жолықтырып, екінші мәрте тұрмысқа шығып жатқанын хабарлаған болатын. Бұл жаңалығынан кейін өнер иесінің өмірі күрт өзгеріп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870115-zregimni-kozajyny-mldir-uelbekova-zoldasyna-mahabbatka-toly-n-arnady/