Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мінсіз мүсінді Мақпал Исабекова ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Мақпал Исабекова купальникпен жатыр
Фото: Instagram/makosyai

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде ашық фотосын жариялап, ел арасында қызу талқыға қалды. Өнер иесінің мінсіз мүсініне ерлер қауымы тәнті болып, оған түрлі пікірлер қалдырған. Кейбірі тіпті, шоу-бизнес сылқымына сезімін ашық білдіруден жасқанбаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова желіде купальникпен түскен суретін жариялап, ғаламтор кеңістігін шулатты. Әншінің Instagram парақшасында пайда болған фото бәрінен де ерлер қауымының көңілінен шыққан. Онда өнер иесі суда жүзетін киіммен бассейн маңында жатқанын көруге болады.

Бұл суретте Исабекова бар дене сымбатын көпшілікке паш етіп, ер-азаматтарды естен тандырды. Олар мінсіз мүсінді арудың бейнесіне қатысты пікір қалдырмай, жайбарақат өтіп кете алмаған сыңайлы.

"Не деген мүсін, бір мін жоқ" , "Ғашық болдым, неткен сұлу едіңіз" , "Фигураңыз от екен. Арық болудың қажеті жоқ. Осындай мүсін көпке үлгі болу керек" , "Суретіңізден көз ала алмай қалдым" , "Мына фотоңыз енді естен кетпейтін болды. Недеген фигура, көпке арман" , "Осы қалпыңызды сақтаңыз, сізге қатты жарасады" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, шоу-бизнес жұлдызы аталмыш фотосымен бөлісіп, өзінің тамақтану тәртібіндегі өзгерістері туралы айтып берді. Белгілі болғандай, тәттілерді қатты жақсы көретін әнші бүгінде олардың барлық түрінен және майлы тағамдардан бас тартқан.

Желі қолданушылары Мақпал Исабекованың бұл бастамасына қолдау білдіріп, оған күш-қуат тіледі. Олардың сөзінше, сүйікті тамағыңнан бас тарту аса қиын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекова желіде көк түсті шашпен түскен фотосын жариялап, қызу талқыланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870289-minsiz-msindi-makpal-isabekova-erler-kauymyn-esten-tandyrdy-foto/

pixel