Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өздері шешті": Роза Рымбаева келіні туралы ойы қандай екенін ашып айтты

Опубликовано:

Роза Рымбаева мен Әли Оқапов
Фото: Instagram/rozarymbaeva

Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаева ресми түрде ене атанды. Өнер иесінің тұңғыш ұлы Әли Оқапов үйіне келін түсіріп, анасын қуантты. Әнші жігіттің таңдауы өнердегі әріптесі, "Асыл" тобының мүшесі Ақерке Бүркітбайға түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Роза Рымбаева ұлының отбасын құрғанына аса қатты қуанғанын жасырмады. Бұл жұлдызды ана үшін көптен күткен күн болғаны анық.

Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойы күні кеше Атырау қаласында өтті. Алайда, қос ғашықтың үйлену тойы әзірге нақты белгіленбеген. Рымбаева дүбірлі шара тек карантин толығымен аяқталып, коронавирус соңына дейін жойылған кезде ғана болатынын айтты.

"Тойды 100% карантин аяқталғаннан кейін өткіземіз. Барлық халық карантиннен шығып, жағдай тынышталғаннан кейін, барлық мекеме жұмыс істеп, бүкіл ауру кеткеннен кейін өтеді. Халықтың біреуі жұқтырып алса, ауру қайтадан өршиді. Сондықтан бұл өте қауіпті", - деді Рымбаева.

Оған қоса, жұлдызды ене келіні туралы бар ойын ашық айтты. Ол ұлының таңдауы кімге түскенін тек өткен жылдың соңында ғана білген болып шықты.

"Келінімнің мамандығы мен үшін маңызды болған жоқ. Өнер саласы болсын, басқа сала болса да ең маңыздысы ол емес. Жастар өздері таңдайды. Өздері кездесті, өздері отау құрамыз деп шешті, екеуі бірге жүр. Ешқашан мамандығын ойлаған емеспін. Бұған дейін қарым-қатынасын жасырын ұстағандарын дұрыс деп санаймын, себебі алдын ала жариялауды дұрыс деп есептемеймін. Бірақ оны әркім өзі шешеді. Әлидің таңдауы кімге түскенін кейінгі кезде, 2019 жылдың аяғында білдім" , - деп ағынан жарылды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870327-zderi-sesti-roza-rymbaeva-kelini-turaly-ojy-kandaj-ekenin-asyp-ajtty/

pixel