Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаевтың үйлену тойы қалай өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевпен өз тойларында
Фото: Instagram/fariza_toreali

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлінің отбасы соңғы күндері той тойлаудан көз ашпауда. Танымал әулет алдымен Фариза Төреәлінің ұзатуын жасаса, енді ғашығы Дархан екеуінің үйлену тойын дүркірете атап өтті. Көпшілік асыға күткен дүбірлі шара қалай өткені жайлы KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев карантин уақытында некелерін қидыртып қойғанымен, ел қатарлы үйлену тойын ұйымдастырғанды жөн көрген.

Барша қазақи салт-дәстүрлерге сәйкес үйінен ұзатылып шыққан ару ертесіне ақ көйлек киіп, өзін нағыз қалыңдық сезінсе керек.

Төреғали Төреәлінің қарындасы өміріндегі аса маңызды күніндегі суреттер мен видеожазбаларын Instagram желісінде бөлісті. Онда ол қалыңдық көйлегін киіп, жолдасы және жақындарымен табиғат аясында жүргенін көруге болады.

Жас жұбайлар ерекше фотосессия жасатып, кешегі күннен естен кетпес әсер алған.

"Біз көптен күткен бақытты күн! Аллама осындай ата-анамыз, бауырларымыз бен достарымыз барына сансыз шүкірлер! Тойды көктемге жоспарласақ та біздің емес, Алланың қалауы осы күнге бұйыртыпты. Ең жақын адамдарымыздың айналасында, заңды түрде некеміз қиылды. Сіздерге де жұғысты болсын" , - деп жазды Фариза Төреәлі.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің туған қарындасын ұзатқанын жазған болатынбыз. Жұлдызды отбасы жас жұбайлардың қуанышын Алматының қақ ортасындағы мейрамханада тойлаған. Онда әншінің өнердегі достары Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдуллин болып, кеш қонақтарына өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870460-fariza-trelini-jlenu-tojy-kalaj-tti-foto-video/