Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Junior Eurovision» байқауының ұлттық іріктеуінен келесі кезеңге өткен 30 қатысушының есімдері анықталды

Опубликовано:

Eurovision
Фото: "Хабар Агенттігі" АҚ

21 тамыз күні «Junior Eurovision» халықаралық байқауы Ұлттық іріктеуінің қазылар алқасы финалға өту үшін бақ сынасатын 30 қатысушыны анықтады. 12 финалистің есімдері jevision.khabar.kz сайтында дауыс беру арқылы белгілі болады. Онлайн-дауыс беру 22 тамыз күні сағат 00.00-де басталып, 31 тамыздың түн ортасына дейін жалғасады.

Қазақстанның барлық өңірлерінен барлығы 684 өтінім келіп түсті. Бастапқы кезеңде ұйымдастырушылардың музыкалық департаменті 72 өтінімді іріктеп алды. Олардың арасынан қазылар алқасы 30 қатысушыны таңдап алды.

Келесі кезеңнің қатысушылары:

1. Абдрахманова Жанерке

2. Алтынбекқызы Сания

3. Балгазина София

4. Башанова Қарақат

5. Бекжан Назарбек

6. Бурханова Адия

7. Ғазизқызы Камила

8. Гилёва Камила

9. Жұмабай Әбілқайыр

10. Жақыпбеков Нұрмұхаммед

11. Жұмажан Айдана

12. Заушева Айлун

13. Қалдыбек Жанель

14. Кузденбаева Камилла

15. Кунадилова Адель

16. Кусанова Нұршат

17. Маким Жан

18. Максимов Мирас

19. Манарбекқызы Ақжібек

20. Мукитанова Айым

21. Нұржанова Акнұр

22. Өмірбайұлы Сағын

23. Сағынбаева Алина

24. Сайполлда Ислам

25. Тілепова Дильназ

26. Тілеубек Әйкерім

27. Тілеуінбетова Жасмин

28. Төлеубай Дінмұхаммед

29. Тұрсынова Махинұр

30. Шерхан Арыстан.

Eurovision
Фото: "Хабар Агенттігі" АҚ

Ұлттық іріктеудің қазылар алқасының құрамында «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, композитор Хамит Шаңғалиев, Димаш Құдайбергеннің саундпродюсері Ерлан Бекчурин, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, продюсер Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары - Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya және Мәди Сыздықов болды. Сондай-ақ, Ұлттық іріктеуге арнайы шақырылған әділ-қазы мүшесі - белгілі композитор, продюсер, «Eurovision Song Contest» ән байқауындағы Әзірбайжан делегациясының жетекшісі Иса Меликов те қатысты.

«Junior Eurovision» байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы 26 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

Eurovision
Фото: "Хабар Агенттігі" АҚ

Жоба ұйымдастырушылары іріктеудің бірінші кезеңіне қатысқан барлық жас орындаушыларға алғыс айтып, барлық қазақстандықтарды jevision.khabar.kz сайтынан ең мықты қатысушыға дауыс беруге шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқауға Қазақстанның осымен үшінші мәрте қатысуы - «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр. Биыл байқаудың өтуіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіруде.

Анықтама үшін:

Байқауға 9 жастан 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады (финал уақыты кезінде - яғни, 2020 жылдың 29 қарашасында үміткердің жасы осы көрсеткіштен асып кетпеуі керек ).

2018 жылы байқауға Данэлия Төлешова «Өзіңе сен» әнімен қатысып, алтыншы орынға ие болды. Былтырғы жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орын алды (қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын).

«Балалар Евровидениесі-2020» Ұлттық іріктеуі 4 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау. Қатысушыларға сауалнаманы толтырып, өзі орындаған әннің бейнежазбасын Ұлттық іріктеудің ресми сайтына jevision.khabar.kz жүктеуі керек. Өтінімдерді қабылдау 20 тамызда аяқталды.

Екінші кезең – бұл халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал орындаушылардан құралған әділ-қазы алқаларының шешімімен ең мықты деген 30 қатысушыны іріктеу кезеңі.

Eurovision
Фото: "Хабар Агенттігі" АҚ

Үшінші кезең - jevision.khabar.kz сайтындағы онлайн дауыс беру сатысы. Бұл кезеңде қазақстандықтардың әрқайсысы өзіне ұнаған қатысушыға дауыстарын бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталатын болады.

Төртінші кезең – Ұлттық іріктеудің финалы, бұл кезеңде еліміздің ең танымал деген композиторларының қатысушыларға арнап жазған арнайы әнін орындау арқылы, 12 финалист әнді шебер орындау жағынан жарысқа түседі. Әділ-қазылар алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Варшавада өтетін «Junior Eurovision Song Contest» Халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан сайысқа шығатын болады.

Ұлттық іріктеудің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

Instagram: @jevision2020.kz

Facebook: facebook.com/jevision2020.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870654-junior-eurovision-bajkauyny-lttyk-irikteuinen-kelesi-kezege-tken-30-katysusyny-esimderi-anyktaldy/

pixel