Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбековпен құда болды (видео)

Опубликовано:

Ақжол Мейірбеков тойда Мақпал Жүнісованың бетінен суюде
Видеодан кадр: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының дүлділі Мақпал Жүнісова "Дос-Мұқасан" ансамблінің мүшесі Ақжол Мейірбековпен құда болды. Әнші туған сіңлісінің қызын өз қолымен ұзатқан. Дүбірлі тойдың қалай өткені туралы KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Мақпал Жүнісова сіңлісі Фаризаның қуанышында түсірілген видеолармен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Өнер иесі жариялаған бейнежазбалардың бірінде Ақжол Мейірбеков бой көрсетіп, танымал әншімен құдаласып жатқанына сене алмай тұрғанын айтқан.

"Бұл таңғаларлық жайт. Алланың сынағынан кейін, ұзақ уақыттан кейін қуанышты күн. Мақпал Жүнісовамен құда болып жатырмыз" , - деді ол.

Эстрада жұлдызы желідегілер дұрыс түсінбей қалмас үшін бірден тойға қатысты жауап беріп өтті. Ол сіңлісінің қуанышы таза ауада, тек 30 шақты адамның қатысуымен өткенін алға тартты.

Жүнісованың отбасындағы мерекелік шарада өнер иесінің өзі, жаңа құдасы Ақжол Мейірбеков, Кенжебек Жанәбілов өнер көрсетті. Оған қоса, әншінің жалғыз қызы Мерей әпкесінің ұзатуында бидің түбін түсіріп, желідегілерді тәнті етті.

"Қыздарыңыз бақытты болсын" , "Сіңліңіз Ақжол Мейірбековке келін болып түсті ме?" , "Тамаша, осындай шағын тойлар дұрыс екен негізі" , "Мерей үлкен әрі қылықты қыз болыпты. Сондай күшті билейді" , "Тойларыңыз тойға ұлассын, екі жас тек бақытты ғұмыр кешсін" , " Сізге ұқсайды екен сіңліңіз. Өте сұлу әрі тірбиелі екені көрініп тұр. Жақсы келін болары анық" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова белгісіз себептермен Ақжол Мейірбеков пен Кенжебек Жанәбілов бой көрсеткен бейнежазбаларды парақшасынан өшіріп тастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870781-makpal-znisova-akzol-mejirbekovpen-kda-boldy-video/