Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келін бала": Димаш пен сұлу бойжеткеннің суреті елді елең еткізді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген бейтаныс арумен
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Күллі әлемді ғажайып даусымен таңдай қақтырып жүрген Димаш Құдайберген желіде қызу талқыға түсті. Оған өнер иесі мен бейтаныс арудың суреті себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайбергеннің табынушылары оны ешкімге бергісі жоқ. Олар тіпті тума талант пен сұлу бойжеткеннің қолдан салынған суретіне шүйлігіп шыққан.

Әншінің жанкүйерлері оны ешбір аруға қимайтынын жеткізіп, өз пікірлерін ашық түрде айтты.

"Бұл қыз кім? Қызғанып тұрмын" , "Димаш барша жанкүйерің сені қазір қызғануда. Жүректі жаралама" , "Менің жүрегім жараланды. Сенгім келмейді" , "Сені жақсы көремін" , "Жоқ, қарағым да, сенгім де келмейді" , "Бұл жай фото, ұызың емес деп үміттенеміз" , - деп жазды олар Instagram желісінде.

Аталмыш суретке пікір қалдырғандар арасында Мадина Сәдуақасова да бар. Өнер иесі Димаш пен бейтаныс ару бейнеленген туындының астына "келін бала" деп жазып кетті.

Эстрада жұлдызының бұл пікірі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерін одан бетер жандыра түскендей болды. Олар оның рас-өтірігін білу мақсатында Сәдуақасованы сұрақтың астына алды.

"Сіз оны қайдан білесіз? Шынымен, болашақ жары ма?" , "Аузыңызға май, шындық болса" , "Сізге қатты ұқсаттым. Өте сүйкімді қыз екен" , "Сіз келін бала екенін қайдан білесіз?" , "Айтып отырғаныңыз рас па?" , - деп жазды желідегілер.

Кейбір желі қолданушылары суретте Димашпен қызды түрік актрисасы Неслихан Атагюлге ұқсаттты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870805-kelin-bala-dimas-pen-slu-bojzetkenni-sureti-eldi-ele-etkizdi/