Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Қоянбаев Түркияда әйгілі Неслихан Атагүлмен кездесті (фото, видео)

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев пен Неслихан Атагүл кездесті
Фото: Instagram/nurlankoyanbayev

Отандық танымал кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев Түркияда "Қазақша бизнес" фильмінің кезекті бөлімін түсіруге дайындықты бастап кетті. Бүгінде түсірілім тобымен Стамбул қаласына жетіп алған өнер иесі онда әйгілі түрік актрисасы Неслихан Атагүлмен кездесті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Қоянбаев Неслихан Атагүлмен кездескен сәтімен Instagram парақшасында бөліскен. Видеода отандық кинопродюсер мен режисерлардың әйгілі түрік актрисасымен амандасып жатқанын байқауға болады. Киножұлдызды Қоянбаевтың тобымен оның жолдасы белгілі түрік актері Қадір Доғұлы таныстырды.

Қоянбаевтың жалпақ жұртқа түрік сериалдары арқылы танымал болған актрисамен кездескені желіде қызу талқыланды. Көпшілік кинопродюсер Неслихан Атагүлді өзінің фильміне түсірмек ойы бар деп топшылауда.

Алайда, отандық КВН жұлдызы бұл таныстықтың себебін құпия сақтап қалуды жөн көргенге ұқсайды. Ол Неслихан Атагүлдің "Қазақша бизнес Түркия" фильмінде бой көрсететіні туралы мүлдем жазбаған.

Желі қолданушылары өз кезегінде Қоянбаевтың дүйім жұртқа танымал жұлдызбен бекер таныспағанын қоймай жазуда. Кейбірі оның отандық киноға түсетініне кәміл сенімді екенін алға тартуда.

Айта кетейік, Неслихан Атагүл түрік фильмдері мен сериалдары арқылы қалың көпшілікке танымал болған талантты акриса. Қазақстандық көрермендер де киножұлдыз түсетін телехикаяларды үзбей көреді.

Еске сала кетейік, аталмыш фильмнің түсіріліміне қатысатын Жахан Отарғалиев те бүгінде Түркияда жүр. Ол желіде Асылхан Төлеповты айнытпай салып, көпті күлдіртуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871126-nrlan-koanbaev-trkiada-jgili-neslihan-ataglmen-kezdesti-foto-video/

pixel