Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі әнші Кэти Перри алғаш рет ана атанды

Опубликовано:

Кэти Перри мен Орландо Блум күліп тұр
Фото: Getty Images

Күллі әлемге танымал голливудтық жұлдызды жұп Орландо Блум мен Кэти Перри ата-ана атанды. Көптеген хит әндердің орындаушысы сүйіктісіне қыз бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дүниежүзі бойынша миллиондаған жанкүйерлері бар Кэти Перри алғаш рет ана бақытын сезінді. Белгілі әнші мен оның сүйіктісі, танымал актер Орландо Блум қызды болды. Бұл туралы woman.ru сайтында жазылды.

Көпшілік асыға күткен күн бүгін келіп жетті. Қалың көпшілікке қуанышты жаңалықты бірінші болып, бақытты әке хабарлаған. Орландо Блум балалы болғанын өзінің Instagram парақшасында жария етіп, қызымен түскен алғашқы суретімен бөлісті.

Белгілі болғандай, жас ата-ана перзентіне Дэйзи Дов деген есім берген.

Айта кетейік, жұлдызды жұптың қарым-қатынасы 2016 жылдан бастау алды. Алайда, ол кезде әртістер тек бір жыл ғана кездесіп, кейін айырылысып кеткен.

Араға тағы екі жыл тастап, Орландо Блум мен Кэти Перри қайтадан қосылып, арақатынасын жалғастырды. Нәтижесінде актер 2019 жылдың 14 ақпанында ғашықтар күнінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Алайда, 2020 жылдың маусымына белгіленген дүбірлі той коронавирус пандемиясы кесірінен кейінге қалдырылды.

Некелесуі өтпейтін болған жұлдызды жұп дегенмен жанкүйерлерін айтарлықтай қатты қуантты. Осы жылдың көктем айларында Кэти Перри алғаш рет ана атанатынын хабарлады. Орландо Блум екеуі бар бос уақытын кішкентай сәбидің дүниеге келуіне дайындықпен өткізетінін жеткізген болатын.

Айта кетейік, Кэти Перри алғаш рет ана атанып жатса, Орландо Блум үшін бұл екінші сәби болмақ. Актердің бірінші некесінен Флин есімді ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871374-jgili-nsi-keti-perri-algas-ret-ana-atandy/

pixel