Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанболат пен Жазира қызының бір жасқа толуын ерекше атап өтті (видео)

Жарияланған күні:

Жазира мен Жанболат ұлы мен қызымен
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова қызы Дараның туған күнін ерекше атап өтті. Ерлі-зайыптылардың екінші перзенті бір жасқа толды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова көптен бері аңсаған қызының алғашқы туған күнін қалай өткізгенін барша жанкүйерлерімен бөліскен. Өнер иесі Instagram желісінде отбасының ерекше сәттеріне толы жүрекжарды видеосын жариялаған.

Онда Дараның дүниеге келген күнінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі кезеңі көрініс тапты.

Жұлдызды әке де перзентін туған күнімен құттықтап, өзінің ақ тілегін жаудырды.

"Алланың қалауымен бүгін менің тәтті ақылды сұлу қызым Дара 1 жасқа толып жатыр. Аллаға сансыз шүкір! Алла тағала деніне саулық,ұзақ өмір берсін! Ортамызда әрқашан қуанышымыз жұбанышымыз болып өсіп өнебер балапаным" , - деп жазды Жанболат Ербатыров.

Танымал жанұя бұрын-соңды еш жерде бөліспеген ерекше отбасылық кадрлармен дәл Дараның бір жасқа толған кезінде жария етуді жөн көрген.

Еске сала кетейік, Жанболат пен Жазираның қызды болғаны туралы ақпарат өткен жылдың 3 желтоқсанында расталған болатын. Ерлі-зайыптылар 22 жылдан кейін тағы да сәби сүйді. Олардың Дарадан үлкен ұлдары бар.

Айта кетейік, жұлдызды жұптың тағы бір мәрте ата-ана атанғаны туралы жаңалықты олардың тұңғышы Қазбек Қожахметов жеткізген болатын. Жас жігіт әлеуметтік желіде көпшіліктен сүйінші сұрап, қуанышымен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871406-zanbolat-pen-zazira-kyzyny-bir-zaska-toluyn-erekse-atap-tti-video/