Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәпішкесі кетті": Тойда ән салған Әбдіжаппар Әлқожа қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа тойда ән салуда
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа карантин жеңілдетілген соң өз жұмысына білек сыбана кірісіп кеткен. Желіде шоу-бизнес жұлдызының бір жиында ән салып жатқан видеосы тарап, қызу талқыға түсті. Оған өнер иесінің ерекше образы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа өзінің билеп жатқан көпшілік алдында ән айтқан сәтінен видео жариялап, елді таңғалдырды. Бейнежазбада оның футболка, шалбар мен жазғы аяқ киіммен ел алдына шығып кеткенін көруге болады.

Әншінің жанкүйерлері үлкен концерттер мен той-томалақтарға әркез қымбат костюм киіп баратын шоу-бизнес серісін "танымай" қалған сыңайлы. Олар эстрада жұлдызын мұндай образда көріп үйренбесе керек.

Желі қолданушылары Әбдіжаппардың киіну үлгісін қызу талқылап, кейбірі оны күлкіге айналдырды.

"Сізді мұндай образда көрген бір түрлі екен" , "Тәпішкесі кетті. Қатырасыз, үлкен концерттерді қойып, енді шағын жиындарға шығатын болыпсыз ғой" , "Аяқ киімі керемет екен. Қарапайым әнші, жарайсың" , "Сланцы киіп алған ба? Жұлдыздар қарпайым бола бастапты. Бұл жаман емес" , "Стиліңіз өзгеріп кетіпті" , "Танымай қалдым. Әдетте, костюммен ғана көретін едік" , "Әншілерді осындай образда көрген қызық екен" , -деп жазуда олар Instagram желісінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар әншілердің той-томалақтарға шығып, жұмысына кірісе бастағанын айтқан болатынбыз. Олардың қатарында Айдар Тұрғамбек пен Қайрат Мырзаханов бар.

Оған қоса, Тамара Асар да тойларды сағынып, желіде әсерлі жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871606-tpiskesi-ketti-tojda-n-salgan-bdizappar-lkoza-kyzu-talkyga-tsti/

pixel