Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Junior Eurovision 2020: Ұлттық іріктеудің 12 финалисті анықталды

Опубликовано:

Junior Eurovision
Фото: АО «Агентство «Хабар»

31 тамыз күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Junior Eurovision 2020» халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетуге жолдама алу құқығы үшін жарысқан 12 орындаушының есімі белгілі болды.

Жобаның jevision.khabar.kz ресми сайтында көрермендердің онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша финалистердің есімдері белгілі болды. Олар:

1. Сайполда Ислам, 11 жас, Нұр-Сұлтан қ.

2. Бурханова Адия, 12 жас, Алматы қ.

3. Жұмажан Айдана, 14 жас, Алматы қ.

4. Манарбекқызы Ақжібек, 14 жас, Нұр-Сұлтан қ.

5. Маким Жан, 11 жас, Алматы қ.

6. Мукитанова Айым, 13 жас, Көкшетау қ.

7. Ғазизқызы Камила, 13 жас, Нұр-Сұлтан қ.

8. Алтынбекқызы Сания, 13 жас, Семей қ.

9. Тұрсынова Махинур, 14 жас, Алматы қ.

10. Кусанова Нұршат, 10 жас, Атырау қ.

11. Тілеубек Әйкерім, 13 жас, Нур-Султан қ.

12. Башанова Қарақат, 12 жас, Алматы облысы, Талғар, Рысқұлов ауылы.

Ұлттық іріктеудің онлайн-дауыс беру барысында барлығы 700 мыңнан астам дауыс жиналды.

Биылғы байқаудың ерекшелігі - еліміздің үздік композиторлары финалистерге арнайы 2020 жылдың 26 қыркүйегінде «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін гала-концертте шырқалатын 12 әнді жазып береді. «Junior Eurovision» ұлттық іріктеу жеңімпазын әділ қазылар алқасының бағалауы және қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері анықтайды. Ұлттық іріктеу жеңімпазы Қазақстанның атынан 29 қараша күні Польшада өнер көрсететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқауға Қазақстанның осымен үшінші мәрте қатысуы - «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр. Биыл аталмыш байқаудың өтуіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіруде.

Финалистерді жариялау:

Анықтама үшін: 

Байқауға 9 жастан 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады (финал уақыты кезінде - яғни, 2020 жылдың 29 қарашасында үміткердің жасы осы көрсеткіштен асып кетпеуі керек ).

2018 жылы байқауға Данэлия Төлешова «Өзіңе сен» әнімен қатысып, алтыншы орынға ие болды. Былтырғы жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орын алды (қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын).

Ұлттық іріктеудің бірінші кезеңі аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен барлығы 684 өтінім қабылданды. Екінші кезеңде қазылар алқасы 30 ең мықты қатысушыны таңдады, оның ішінде онлайн-дауыс беру арқылы 12 финалист іріктелді.

Ұлттық іріктеудің қазылар алқасының құрамын «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, саундпродюсер Ерлан Бекчурин, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы,  продюсері Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары - Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya  және Мәди Сыздықов толықтырды. Сондай-ақ, Ұлттық іріктеуге арнайы шақырылған әділ-қазы  мүшесі - белгілі композитор, продюсер, «Eurovision Song Contest» ән байқауындағы Әзірбайжан делегациясының жетекшісі Иса Меликов те қатысты.

Ұлттық іріктеудің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

Instagram: @jevision2020.kz

Facebook: facebook.com/jevision2020.kz/

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871967-junior-eurovision-2020-lttyk-irikteudi-12-finalisti-anyktaldy/

pixel