Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Әділ Ахметов Жастар театрының директоры болып тағайындалды

Опубликовано:

Әділ Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Instagram/askhatmaemirov

Отандық танымал актер Әділ Ахметов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мәдениет басқармасының бұйрығымен Жастар театрының директоры болып тағайындылды. Өнер иесінің жаңа қызметке келгені туралы белгілі режиссер Асхат Маемиров хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әділ Ахметовтың театр басшылығына келгені туралы Маемировтың Instagram парақшасынан белгілі болды. Режиссер ел арасында аса танымал актердің тағайындалуына қатысты жазба жариялап, оны шын жүректен құттықтады.

"Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасы басшысының бұйрығымен Жастар театрының директоры болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі театр және кино актёрі Әділ Ахметов тағайындалды. Халықтың перзенті, театр мен кино кеңістігінің биіктерін бағындырып жүрген Әділ Аxметовтей шәкіртін тәрбиелеп, өнерге қанаттандырған қазақ өнеріндегі көрнекті тұлға Нұрқанат Жақыпбай ағамызды құтықтаймын!
Шәкірттерінің өнер әлемінде биіктерді бағындыруда Ұстаз еңбегі - өлшеусіз! Әділжан, басшылық қызметте абырой биігінен көрінуіңе тілекшіміз! Дегенмен, актёр ретінде сахна мен экранда сомдайтын бейнелерің көп болсын! Өнер кеңістігіндегі алдыңғы толқын ағаларыңның ізін басып келесің! Өзіңдей халықтың бағына ұл тәрбиелеп өсірген Ата-Әжең, Әкең мен Анаңа мың алғыс! Отбасыңда әрқашан бақыт пен шаттық болсын! Айнұрдай аяулы келінмен өмірдің биік белестерін бірге бағындырыңдар" , - деп ақ тілегін жолдады Маемиров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875847-akter-dil-ahmetov-zastar-teatryny-direktory-bolyp-tagajyndaldy/

pixel