Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин кезіндегі бал айы: Тәуекел Мүсілім әйелімен Мысырға кетіп қалды

Жарияланған күні:

Тәуекел Мүсілім жарының қолын ұстап тұр
Фото: Instagram/mussilim

Қазақстандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім карантинге қарамастан, жарымен бірге басқа елде демалып қайтуды шешкен. Шектеу шаралары кесірінен үйлену тойын да өткізе алмаған жас жұбайлар шекара ашық тұрғанда бал айына барып үлгеруге бекінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім карантиндік талаптар күйшейтіліп жатқан кезде жан жарымен бал айына кетіп қалды. Олар алғаш рет ерлі-зайыптылар ретінде шетелге ортақ демалысқа аттанған.

Белгілі актер мен келіншегі баратын мемлекетін ұзақ уақыт бойы таңдағандарын жасырмады. Ерлі-зайыптылар үшін демалыстың жоғары деңгейде өтуі емес, барынша қауіпсіз демалу маңыздырақ болған.

Нәтижесінде ойлана келе, Тәуекел мен Махаббат Мүсілім Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласына тоқталған.

Олар дәл сол жерді карантин кезінде демалуға аса қолайлы деп тапты.

Айта кетейік, жас жұбайлар бал айына күні кеше ұшып кеткені белгілі болды.

Оған қоса, олар еліміздегі шектеу шаралары кесірінен біраз уақыт бұрын жоспарланып қойған үйлену тойын қайта_қайта шегеріп, соңында мүлдем жасамайтын болып шешті.

Алайда, Тәуекел Мүсілім қалай болғанда да жарын бал айына алып баруды жөн көрген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мысырдағы демалысымен әнші Маржан Арапбаева бөліскен еді. Өнер иесі балаларын елде қалдырып, жолдасымен романтикалық саяхат өткізген.

Оған қоса, бұған дейін пандемияға қарамастан әнші Мадина Сәдуақасова да Мысырда демалып қайтқан болатын. Одан бөлек тағы бірқатар танымал жұлдыздар Дубай қаласына барып қайтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879479-karantin-kezindegi-bal-ajy-tuekel-msilim-jelimen-mysyrga-ketip-kaldy/